Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Астана-мақтанышым менің" Дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелді Қаратерек орта мектебінің тәлімгері Сарсенова Алия Асылбекқызы ұйымдастырды.Ұйымдастырушы Астана жайлы мәлімет берді:Астана – ұлан   ғайыр  еліміздің   бас  қаласы,  әлем  таныған   жас   қала. 1996 жылы  Ақмола  қаласын  астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі  күмән  ойымен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым  күні  тәуелсіз  Қазақстан   жаңа  да  жас  қала –Астананың  атын бүкіл  әлемге  паш  етті. «Басы қатты   болса,  аяғы   тәтті»  деген  дана  сөз бар. Халқымыз  Қазақ  елінің  болашағы   үшін   барын  шаша  еңбек   етті. Астана  дамып, көркейе түсті.Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады. Гүлденген   Астанамыз   түрленген   жас  қаламыз – елдік   пен тұтастықтың   ғажайып   үлгісі.Ару  Астанамыздың  көрсе көз тартар –көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.Ару Астанамызда орналсқан әсем ғимараттың бірі  Пирамидаға  тоқталсақ оның ішінде былай қойғанда сыртының  өзі ерекше  бір әлем,  онымен қоса бас  қаладағы  ең  ғажайып,  әсем мұнара Бәйтерек. Тіршілік  иелеріне  тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды  білдіретін  алып   мұнара  еліміздің   символына  айналған.  Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ жері көп екенін бәрімізге аян. Астанадай  ғаламат    қала   Қазақ   жерінің   мәңгілік    жерұйығына   айналды. Астана өзге елдермен  терезесі тең келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды.Астана бүгін де ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жетікізген жетістігің молайып, жайнай берсін.                                                                                            Алия Асылбекқызы Астананың монументтері жайлы айтып,оқушылар Астана жайлы,монументтер жайлы өлең жолдарын оқып берді:

Қазағым, қара орманым – байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асыраған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп

Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан – байтақ кеңдігіңді

 Сабақ "Астана" әнімен аяқталып,оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь