Бастауыш сынып мұғалімі Есимова Диана Ағыбайқызы 2-3 сынып аралығында ашық сабақ ұйымдастырды.Оқушыларға жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру,жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту,қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу арқылы сабағын«Мен мейірімді баламын» шаттық шеңберімен бастады. Ұйымдастырушы:Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады. Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жасау керекпіз. Келесі кезекте оқушылар жақсылық тақырыбында мақал-мәтелдер,өлең жолдарын оқып берді. Жақсылық қылсаң - жасыр, Жақсылық көрсең – асыр. Өзгеге жасаған жақсылығың,
Өзіңе жасаған жақсылығың Жақсылық жүрген жерде Тапшылық болмайды. Өзіммен - өзім Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ең алдымен ұзындығы 5 - 6 метрге жететін жіп дайындап, оның екі ұшына да жіңішке, ұзындығы 25 - 30см таяқ байланады.. Жіптің қақ ортасын белгілеп, сол жерге басқа түсті жіп байлап қойылады. Ортаға екі бала шығады да, бір - бірінен алшақтап, жіпті кереді. Ойын бастаушы «бастаңдар» деп белгі бергенде әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез - тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті Болайық ізгі ниетті Жақсылық ойлап кісіге, Тілейік үлкен - кішіге - Кең пейіл далама тыныштық тілеймін. - Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін. - Талапты достарыма табыс тілеймін. - Сыныптастарыма амандық тілеймін. - Отбасыма бақыт тілеймін.
- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіріп сабақты көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.