Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығы жайлы

Мақсаты: Мүтәллап Қанғожинның   өлеңдерін жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымын,  ұлттық ой – санасының қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері: мектеп оқушыларының  ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның өлеңдері жайлы терең зерттеуге ынталандыру.

Көрнекілігі:  Мүтәллап Қанғожинның портреті. Шығармалары бойынша әдеби көрме. Презентация.

Тәлімгер Сарсенова Алия Асылбекқызы Мүтәллап Қанғожиннің өмірбаяның баяндады: Мүтәллап Қанғожин - Қызылжар өңіріндегі көзі тірі қаламгерлердің арасында ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың есімі мен артына қалдырған асыл мұрасын айрықша ардақтап, насихаттау ісіне айтарлықтай белсенділікпен атсалысып келе жатқан қайраткер азамат, журналист, белгілі ақын, мағжантанушы.

Мүтәллап Қанғожин  1937 жылы  17 желтоқсанда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Қараағаш ауылында туған.

Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, отыз жылдан астам облыстық телевидениеде табан аудармай еңбек етті. Қатардағы тілшіден телекомпания төрағалығына дейінгі шығармашылық жолдан өтті. Өлеңнен де бір қол үзбей, бірнеше жыр жинағын шығарды.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі атанды.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді.

«Есіл ауданының және Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына да ие болды.Мектеп оқушылары  Мүтәллап Қанғожиннің өмірбаянымен оқып,өлең жолдарымен танысып шықты.   


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь