Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Жоспарға сәйкес, оқушыларғаТұңғыш Президенттің мемлекет қалыптасуындағы, дамуындағы еңбегі, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен,  болашақты көрегенділікпен саралап, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаянымен таныстыру мақсатында  23 қарашадан бастап  мектебімізде «Президент күні», «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» , Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы» атты  сынып сағаттар өтті.                                                                                                                        Сарсенова Гүлмира Жаңалыққызы  5-11 сыныптар аралығында  «Елін сүйген ел басы» атты ашық сабақ ұйымдастырды.Шарада елбасы жайлы фильм көрсетілді.Президенттің өмірбаяны,еңбек жолы, елбасының қазіргі таңдағы жетістіктері туралы оқушылар мағлұмат алды. Оқушылар өте қызыға қатысты.                                                                                                                                                                                                                    Сонымен қатар  осы мерекеге орай мектеп кітапханасында«Елбасы-ел болашағы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге елбасының «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Тарих толқыныңда», «Сындарлы он жыл» әдеби кітаптарі қойылды. 

23-25 қараша аралығы 6-8 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мен орыс тілі және әдебиет пәнінің  мұғалімдері « Ұлтын  ұлықтаған ұлы тұлға» атты шығарма жазудан байқау ұйымдастырды.Байқаудан екі оқушының шығармасы  үздік деп  танылды. 

25 қараша  күні бастауыш сыныптар аралығында  Есимова  Диана Ағыбайқызының ұйымдастыруымен «Кім?Не?Қашан?Қайда»атты интеллектуалды ойын өткізілді.Байқауға 2-3 сынып оқушылары қатысты.

Сурет пәнінің мұғалімі Сарсенова Алия Асылбекқызының жетекшілігімен бастауыш  сыныптар арасында «Елбасымен мақтанамыз» атты  сурет байқауы өткізді.Оқушылар Елбасының қызметі мен өмірі туралы әртүрлі тақырыптарда суреттерін  бейнеледі. 

27 қараша күні тарих пәні мұғалімі  Касымбекова Салтанат Мұхтарқызы  5-9 сынып  оқушыларымен «Болашақты болжаған кемел еңбек» атты дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел барысында Н.А.Назарбаевтің еңбектері бағаланып оқушылар өз ой пікірлерімен бөлісті.Шара барысында ауылдық мұражайға саяхат жасап, көне дүниелермен танысып қайтты.

Қаратерек орта мектебінде 1 желтоқсан - Президент күні арналған  мектептің салтанат залында ауыл қонақтарының  және мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті. Құттықтау сөзбен село әкімі Қасымбеков Асқар Ақылбекұлы  ашып, ауыл тұрғындарына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында егемендігімізді алғаннан бергі мезгілде Республикамызда болып жатқан оңөзгерістерге тоқталып, жиналған жұртшылықты 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі. Концерт аяғында мектеп директоры Куандыкова Арайлым Болатқызы жиналған ауыл тұрғындарын құттықтап, концертке қатысушыларға ризашылығын білдірді.

30 қараша күні «Мен және менің отбасым»атты  спорттық іс-шара дене шынықтыру пәнінің мұғаліімі Есимов Ануарбек Оралбекұлының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Шарада оқушылардың жас ерекшелігіне сай Елбасымыз туралы толық ақпарат, өмірбаяны, балалық шағы, жастық шағы, отбасы туралы баяндалды. Оқушылар  ата-аналарымен белсене қатысып,көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.Жарыс соңында жеңіске жеткен топтар марапатталды.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қаратерек орта мектебінде «Қазақстан  жастары Елбасымен бірге!» атты флешмоб акциясы өтті. Мерекелік шараға оқу орнының бастауыш сынып оқушылары қатысты.

                                                           

                                                                                                      


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь