Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Тәуелсіздік – тұғырым менің!»

            Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздігіне жету үшін қанша қиыншылықтардан өткеніміз туралы түсіндіру. Патриоттық сана сезімдерін ояту көзделген.

Кітапханашы Дауленова Сауле Жиеншеқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арнап «Тәуелсіздік – тұғырым менің!» атты кітап көрмесін  жасады.Көрмеде желтоқсан оқиғасына  арналған кітаптар қойылды.

11-ші сынып Сарсенова Гүлмира Жаңалыққызы «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Шара барысында ұйымдастырушы ызғарлы,қанды желтоқсан жайында ақпарат берді.

Есимов А.О. ұйымдастыруымен   5-8 сыныптар аралығында  «Тәуелсіз  елім - тірегім» тақырыбында тоғызқұмалақ және шахматтан сайыс өткізді.Ойын барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жету жолдары талқыланды.   

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мусекенова Ботагоз Орынбайқызы  5-8 сынып  оқушылары  аралығында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!»                тақырыбында  шығарма байқауы  ұйымдастырылды. Өз шығармаларында оқушылар тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегені жайлы баяндаған.

14-ші  желтоқсан күні Қаратерек орта мектебінің салтанат залында  Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігіне арнайы «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында  концерттік  бағдарлама  қойылды.Мерекеге Қаратерек селолық округінің әкімі Қасымбеков Асқар Ақылбекұлы және аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Ахметов Б.С қатысып,жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап,мектеп оқушыларының дайындаған концертін тамашалады.Мектеп оқушыларының орындауындағы әсем әнмен билерін тамашалаған көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь