Әр сыныпта «Жол апатының алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғасының проблемаларымен жиі кездесітіні, оның ең басты себебі балалардың жол қозғалысының ережелерін білмеуі мен сақтамауы, жаяу жүрген уақытта жолға дұрыс көңіл бөлмеуі, балалар жолдың қаншалықты қауіпті екенін білмейтіндігі жайлы әңгіме қозғалды.
Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады. Және ең қорқыныштысы жол қозғалысы оқиғалары кезінде балалардың қаза болуы. Бұл мәселені шешудің ең негізгі мәні ең жас жаяу жүргіншілер - балаларды жол қозғалысы ережелеріне дұрыс дайындау және үйрету.
Тәлімгер Сарсенова А.А. «Жол тәртібін білейік»тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды.Сабақ барысында оқушылар қызығушылық танытып,сабақ жоғары деңгейде өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау