Нашақорлық - бұл адам-зат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.
Осыған орай барлық оқу орындарында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу шаралары ұйымдастырылуда.
Мақсаты:жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына қатысты жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық және әлеуметтік жағымды жағдай туғызуды, сондай-ақ психологиялық белсенді заттектерді тұтынудан бас тартуға дағдыландыруға жұртшылықтың назарын аударуды; Қазақстан Республикасында қызмет етіп жатқан Жастар денсаулық орталықтарының қызметін жастар мен жасөспірімдерге медициналық-психологиялық әлеуметтік қолдау көрсетуді жетілдіру.
25 қараша күні мектеп психологінің ұйымдастыруымен «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды.Қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес - бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды қажет ететін баршамыздың басты міндетіміз туралы ақпарат берілді.Мектеп психологі Искендирова Асел Қазбекқызының «Өмір ағысына қарай таңдау жаса» тақырыбында оқушыларға ерте ішімдікке салыну,есірткі пайдалану,құқық бұзушылық жөнінде консультация берілді.Шараға 6-9 сынып оқушылары қатысты
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау