Психологиялық шараға 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Бұл психологиялық сабақ жүргізудегі негізгі мақсатымыз ата-аналар мен оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамыту, отбасындағы жылулық пен махаббат сезімін күшейту, әр отбасындағы ерекше сақталатын құндылықтарды анықтау болатын. Танымдық психологиялық сабаққа 5-8 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар мен ата-аналар үшін отбасындағы негізгі құндылықтарды анықтау мақсатында «Құндылық» тренингі жүргізілді. Тренингке ата-аналар мен оқушылар белсенді қатысты. Тренинг нәтижесі бойынша оқушылар үшін де, ата-аналар үшін ең басты құндылық -өз отбасы мен жанұясы екендігі анықталды.
Ата-аналары өз балаларын қаншалықты білетіндігін анықтау мақсатында ата-аналардан өз балалары туралы тест жұмыстары алынды. Тест нәтижесі бойынша ата-аналар өз балаларын жан-жақты танитындығы анықталды.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне деген ренішін ұмыттырып, бір-біріне кешірімді болу мақсатында «Өкпені еріту» атты релакцация жүргізілді.
Ата-ана және оқушылармен бірлесіп өткізілген психологиялық сабақ жақсы дәрежеде өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау