Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Тренингте жанадан қалыптасқан топтағы балалардың бір-бірін жақсы білуіне, топ белсенділерін аңықтауына мүмкіндік жасау үшін «Танысу» жаттығуы», презентация бойынша «Бала мен алма ағашы» танымдық-рухани әңгіме оқылып, оқушылар өзара талқылады. Тренинг барысында «Менің отбасым» тақырыбында сурет салынып, релаксация «Тыныштық сәті», соңында «Өміршеңдік ережелер» атты рухани сөздермен сенімділіктерін нығайту жаттығуын орындап, оқушылар отбасыларына арнап өз жүрек жарды тілектерін айтып, тренингтен алған әсерлерімен өзара бөлісті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау