Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Тілдер апталығы

Қыркүйек айының 7-21  жұлдызына дейін біздің мектепте «Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тіл апталағы болып өтті. Тіл апталығы өте жоғары дәрежеде өтті.  Мектебіміздегі тіл мұғалімдері ерекше белсенділік танытып,әр түрлі формада ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Барлық өткізілген іс-шараларға оқушылар жауапкершілікпен белсенді түрде ат салыса қатысты.Айтулы мерекеге қарсаңында өткізілген іс-шаралардың саны біршама. Атап айтсақ, қазақ тілі мұғалімі Мусекенова Ботагоз Орынбайқызы апталықтың бірінші жұмасынан бастап  5-9 сынып оқушыларымен тіл туралы диктанттар мен шығармалар сайысын өткізді. Ең сауатты оқушылар 5 сыныпта Ислямов Жақсылық  және Дәулет Арлан, 6 сыныпта  Акатов Амир,Сейфулла Алишер, «Тіл тағдыры-барша қазақ халқының тағдыры» атты шығармалар сайысында  ең жақсы жазылған шығарма  8 «А» сынып оқушылары  Диннер Мариям және Мұхамет Жансая, 9 сыныпта Сейфолла Санжар және Нұржігіт Темірлан  болды.  

    «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы, жаңылтпаш-тілдің тиегі» атты 5-6 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс сабақ өтті.Сабақ оқушылар үшін өте қызықты, тартымды болды.Екі сыныптың оқушылары да сабаққа ерекше белсенділікпен қатысып,6 сынып оқушылары жеңіске жетті.    

6-8 сыныптар оқушыларының  арасында «Сөзмерген» атты лексика саласынан өткенді қайталауға арналған ашық  сабақ өтті.Сабақ 5 сыныпта өткендерін қайталап,бекітуге арналды.Сабақта әр оқушы берілген тапсырмалар бойынша жауап беріп, өзіне ұпай жинады. Ұпай саны бойынша лексика саласынан алған білімдері анықталды. Ең көп ұпай жинаған оқушы – Сөзмерген атанды. 

Тілдер апталығында мектеп кітапханашысы – Дауленова Сауле Жиеншеқызы «Тілдер әлемінде» атты көрме ұйымдастырып,балалар үш тілдің құдіреті туралы мағұлұмат берді.

 Сарсенова Алия Асылбекқызы  апталыққа білек сыбана кірісті. «  Тіл - халықтың қазынасы, ұлттың шежіресі» атты 5-7  сыныптарының арасында  сайыс сабақ өткізді. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды.Қазақ тілі туралы даналар сөзін оқушылар жаттап келген. «Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені» бөлімінде оқушылар екеуара қарапайым диологтар құрды. «Қос тіл-қос қанатың» атты бөлімінде орыс тілінен қазақ тіліне сөздердің баламасын  дұрыс аудару бөлімінде оқушылар қазақ тілінде білетіндерін байқадық. «Зат есімнің септік жалғауларын табу» бөлімінде оқушылар дұрыс жауап бере білді. 

«Анам берген-туған тілім,атам берген-құрал тілім» бөлімінде оқушылар тілге қатысты мақал-мәтелдер айтты. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» бөлімінде тіл туралы өлеңдерін жатқа оқыды.  «Ана тілі-ардағым» атты  6-8 сынып оқушылары арасында танымдық  сабақ өтті. Іс-шарада   түрлі тақырыптарды оқушылар ақын-жазушыларымыздың  өлеңдерін жатқа айтып, мәнерлі оқу бойынша және тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашып, топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар  іс-шараның соңында  еркін тақырып бойынша өз өнерлерін көрсетті. Мұндағы мақсатымыз оқушылар ұлттық өнерге, көнерген сөздердің  мағынасын тура  білуге үйрету.                                                                                                                         Тіл апталығының қорытындысы 21күні « Тілге-құрмет,елге-құрмет» атты шағын ертегімен  аяқталды.Тілдер мерекесінде онкүндікке  белсене қатысқан оқушыларды марапатталды.Ал апталыққа белсене қатысқан барлық мұғалімдерге мектеп директоры алғыс жариялады.

  

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь