Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Уәлиханов ауданының 90-жылдығына орай аудандық «Ақшақар-2018» ойындары17-18 қаңтар аралығында мектеп-гимназия алаңындағы хоккей кортында өтті. Жарысқа ауданымыздың 16 мектеп командалары қатысты. Шаңғы жарысы Кішкенекөл №1 орта мектебінің алаңында , конькимен жүгіру жарысы Кішкенекөл №2 орта мектебінде өткізілді. Ал хоккей ойындары болса, мектеп-гимназия алаңындағы хоккей кортында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша шаңғы жарысынан І орын №1 орта мектебінің командасы, ІІ орын Актүйесай орта мектебі, ІІІ орынға ие болған Жамбыл орта мектебі.Конькимен жүгіру жарысында І орын Чернигов орта мектебі, ІІ орын Мортық орта мектебі, ІІІ орынға Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы иеленді. Хоккей ойындарында І орын Мортық орта мектебі, ІІ орын Кішкенекөл №2 орта мектебі, ІІІ орын Ақбұлақ орта мектебі. Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар және белсене қатысқан спортшылар мадақтама грамоталарымен және медальдармен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау