Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар екені белгілі. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, күз мезгіліне деген құрметімізді көрсетпек мақсатпен Қаратерек орта мектебінде "Алтын күз" мерекесі аталып өтті. Сонымен мереке 21-қазан күні ұйымдастырылды. Осы күні барлық оқушылар өз өнерлерін аянбастан ортаға салды. Оқушылармен жұмыс жасау, әрине оңай емес көп қажыр-қайратты, шыдамдылықты талап етеді. Десек те біздің ұстаздар талмастан, шаршамастан жоғары деңгейде өнерлерін паш етті. Атап айтсақ: 6-8 сынып оқушыларының еңбегінің ерен екенін атап айтуға болады. Бұл жерде оқушылардың жекелеме шығармашылығы да ерекше байқалды.Сынып жетекшілердің еңбегін ерекше атап өтемін. Әр сыныптағы қойылым түрленіп, өзгешеленіп шығармашылықпен қолданылып отырды.Ертеңгіліктің жоспары бойынша соңына дейін әуенмен қойылым қосылып отырды. Әр баламен жасаған жұмысының жемісін көрдік. Мереке барысында Аяулы Күз Ханшайымы келіп, түрлі ойындарымен және күз сыйымен балаларды қуантты. Балалар да әдемі билерімен, күз туралы өлен, тақпақтарымен ризашылықтарын білдірді. Күз мерекесін құрметтеп балабақша балалары мерекені қыздыра түсті. Сырлы әуендерге билеген бүлдіршіндер, қызықты да көңілді тақырыптық қойылымдар қойды. Бірі ханзада, бірі ханшайым болған оқушылар кештің шырайын келтіріп, боямасыз нәзік қылықтарымен кештің әсерлі өтуіне атсалысты. Балаларының қуанышына қосыла қуанып, биіне елтіп бірге билеген ата-аналар осындай қызықты кеш өткізген мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау