Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Туған ауылымның көшелері» атты cаяхат

Балалардың өз ауылында өмірдің әлеуметтік тәжірибесін жинақтауын, онда қабылданған мінез-құлық, өзара қарым-қатынас нормаларын сіңіруін, оның мәдениет әлеміне қосылуын, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың негізгі кезеңі деп санаған дұрыс. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балаларды туған ауылының тарихи, ұлттық, мәдени, жағрафиялық, табиғи-экологиялық ерекшеліктерімен  таныстырудың маңызы өте зор.Ауылмен, оның көрікті жерлерімен танысу кезінде балаларда белгілі бір этникалық шарттарды сезінуді тәрбиелеумен қатар, сондай-ақ ұлт байлығына және әлем мәдениетіне де араластыру қажет.Оқушыларды тарихқа,мәдениетке,туған ауылының табиғатына тарту мақсатында Қаратерек орта мектебінің оқушылары өздерінің туған көшелеріне экскурсия жүргізді. Балаларды ортақ қуаныш пен шаттық атмосферасын түсіне білулері үшін ауылдың әдет-ғұрыптары мен шығармашылығымен танысуға тартудың да маңызы зор.Осы бағыттағы жұмыс барысында балаларды адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттері шешіледі: өз ауылына деген сүйіспеншілікті, оның өткені мен бүгініне қызығушылықты қалыптастыру;ауылдың көрнекті жерлеріне, табиғатына, мәдениетіне деген ұқыпты қарым-қатынасты дамыту; өз ауылы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; маңайындағы табиғи және мәдени ортада бағдар ала білу машықтарын және соны өзінің шынайы өмірінде көрсете білуді қалыптастырады.Әр оқушы өзінің туған көшесіне барып,көшеде орналасқан ескерткіштер мен атақты адамдардың үйлерімен  таныстырып өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь