Жаһандық бәсекеге қабілетті болудың басты шарты – тіл үйрену. Әсіресе, оқушылардың ағылшын тілін білуі басты назарда. Осы мақсатта Қаратерек орта мектебінде «Үш тілді білу-заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.Шараға Қаратерек орта мектебінің директоры А.Б.Куандыкова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мусекенова Б.О., ағылшын тілі пән мұғалімі Койшубаева Ф.Х. орыс тілі пәнінің мұғалімі Дауленова С.Ж. және мектеп оқушылары қатысты. Жиында ағылшын тілін ерте жастан үйренудің тиімділігі, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын жаттығулар жайлы презентациялар көрсетілді. «Successful language. Development strategies in the early childhood» бейнеролигі оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті.Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің оқушылармен ойын-сабақ элементтерін көрсетуі қатысқандар үшін үлкен тәжірбие болды.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Нургазина үлгермеуші және қабілеті жоғары оқушылармен жұмысты күшейтіп, түрлі сайыстарға қатыстыру жайында ұсынысын айтты. Дөңгелек үстелдің Елбасының үштілдік саясатын насихаттауда маңызы зор. Мектеп ұжымы шараны алдағы уақытта да жалғастырамыз деген ниетте.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау