Қаратерек орта мектебінің кітапханашысы Дауленова С.Ж. ұйымдастыруымен 2017 жылғы 3 қараша күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу жолындағы өзекті мәселе» атты пікірсайыс өткізілді.
Латын негіздегі қазақ жазуы – бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, жаһандану дәуіріндегі ғылым, білім тілі. Яғни, латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін терең түсіну, ол туралы жастардың пікірі мен бөлісу және өз ойларын ортаға салу шараның басты мақсаты болды.
Шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, өзойларыменбөлісіп, пікір алмасты. Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына өз үлестерін қосатындарын да жеткізді.
Шара барысында ұйымдастырушылар жастардың бастамалары мен идеяларына әр уақытта қолдау көрсетуге дайын екендерін атап өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау