Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Қарияларым-алтын қазынам"

   «Қарты бардың қазынасы бар» дегендей  Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылды.Атап айтатын болсақ мектебіміздің тимур командасы  Коваленко Ольга әжейдің  үйіне барып, отын кіргізіп, бақшасын қазуға көмектесті.

1-қазан күні Қаратерек орта мектебінің салтанат залында Қарттар күніне арналған «Қарияларым-алтын қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.Салтанатты кешті Қаратерек ауылдық округінің әкімі Қасымбеков Асқар Ақылбекұлы ашты.Биші қыздар қазақ биімен көрермендерді тәнті етсе,Диннер Петрдің орындауындағы әсем ән көрермендерді баурады.Мектеп психологы Искендирова Асел Казбекқызы «Қариялар азайып бара жатыр»әнің орындап,тәлімгер Сарсенова Алия Асылбекқызы «Әке-ана» атты монолог орындады.Бастауыш сынып оқушылары қарияларды  мерекелерімен  құттықтап,оқушылар өлең, тақпақ айтып құттықтады.

«Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді» дегендей Балабай  қарттың  батасын алдық.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь