Қаратерек орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған іс-шаралар жоспары негізінде «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өткізілді. Апталық барысында «Отбасым менің қуатым» тақырыбында 6-8 сыныптарда дөңгелек үстел, «Отан отбасынан басталады» тақырыбында 9-сыныпта пікірсайыс, «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның борышы» тақырыбында 10-сыныпта дөңгелек үстел, «Ата-анам және мен» тақырыбында бастауыш сыныптарда таным сағаттары, «Мен және менің отбасым» тақырыбында бастауыш сыныптарда сайыс өткізілді. Ата-аналарға балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Оқушыларға «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы таныстырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау