Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Алтын ұя мектебімізге - 50 жыл"

Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін

 Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай, міне, 2017 жылдың 5 тамыз  күні мектеп үшін ерекше күн болды. Сүйікті мектебімізге 50 жыл! Уақыт зымырап өтіп жатса да, мектеп өзгеріссіз білім нәрін себуде. Мектеп – шынымен көпшілік үшін жүректеріне жақын тартып тұратын қасиетті шаңырақ. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Бұл күні ұйымдастырылған мерекеге 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл, 40жыл, 50 жыл бұрын мектепті тәмамдаған түлектер келіп қатысты. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді.Мектеп негізі қаланғалы көптеген оқиғалар болды. Сол оқиғалардың кейбіреуі ұмытылса да, көбі біздің жадымызда сақталып, тарих қайналды. Сол тарихты жасаған адамдар да жадымызда.Өзінің 50 жылдық тарихында Қаратерек орта мектебі талай ізгілікті істердің куәсі болып, бүгінде өз шәкірттеріне білім мен тәрбиенің алтын ордасы қызметін атқарып келеді.Мектептің тарихына терең үңілетін болсақ, 1965 жылы Ленинград қаласынан теміржол институтынан студенттерді құрылыстар салуға біздің жерге аттандырады. Сол студенттер екі жыл ішінде екі қабаты мектеп салды. 1967 жылы мектептің құрылысын салып аяқтады да, қараша айында жаңа мектепке көшіп кірді. Херсон орта мектебінің алғашқы директоры Шоль Федор Романович болды. Жаңа мектептің табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушыларының саны 30 оқушы болды.1997 жылы мектебімізді Қаратерек орта мектебі болып бекітілді. Мектеп әрқашан заманнан қалмай, алдында қандай мақсаттар болсада, оларға қол жеткізіп отыратын. Өйткені мектепті тек ақылды, қайраткер, талапты мамандар ғана басқарған. Осы өткен жылдарда мектепті бірнеше  директорлар басқарып, оның дамуына үлкен үлес қосқан. Мектеп директорлары бәрі де, жемісті еңбек етті, соның ішінде Жиенша Сапарұлының  еңбегі ерекше деп, ата-аналар, түлектер үнемі еске алады. Әсіресе тоқырау кезіндегі еңбегін айтып шығу үлкен педагогикалық адамгершілік керек. Бұл адамның  жатқан жері жарық болсын!Мектеп даңқын шәкірттер шығарады. Ол санымен емес, сапасымен қадірлі.50 жыл: бұл көп пе, әлде аз ба? Әрине көп! Өйткені, осы жылдар арасында мектеп қабырғасында көптеген жас түлектер ұстаздардан білім, қамқор, қолдау алды. Осы күні біз педагогика еңбегінің зейнеткерлерін еске аламыз. Мектепке ең үздік, ең асыл сезімдерін сыйлаған жандар. Біздің мектебіміздің тарихының алдында тұрған адамдар: Әбішева Б.М., Мусекенова А.Н., Нұғыманова К.Ш., Абаильдина Б.А., Бекбаева Х.Е.Бакиянова Б.К.Қазіргі мұғалімдер ұжымының жартысы кешегі мектеп түлектері болып отырғанына ешкім таң қалмайды. Олар: Дауленова С.Ж.,Таженова А.Т., Усаев А.И., Сарсенова Г.Ж.Мектеп – киелі де қастерлі білім ордасы. Бала бойына күллі рухани құндылық атаулыны дарытып, білім нәрімен сусындатар шаңырақ та сол білім ошағы. Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың санасына сіңіретін, өмірге үйрететін, жалпы жақтан дамып тұлға болуға көмектесетін мектеп бар. Мектепті бітірген түлектер біздің мектебімізді әлі де тек қана асыл сезіммен еске алады.Қазіргі заман жаңа мектептің, жаңа оқушының, жаңа мұғалімнің қалыптасуын тілейді. Сүйікті мектебіміз өсіп, өркендей берсін, өз оқушыларын құшақ жайып,  әрқашан қуанышпен қарсы ала берсін!

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь