Мамырдың 25 күні Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында 1,10,
11-сыныптарына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті Соңғы қоңырау салтанатты жиынына «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.М.Латыпова және ардагер ұстаз Р.Қаратаевна қатысты. «Өте жақсы» оқығаны үшін, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді. 11 сыныптың түлектері атынан бүлдіршіндерге арналған сый – қошемет көрсетілді.
Ата-аналар атынан Бегайдарова Бекзаттың анасы сөз сөйлеп, "Алтын белгі" үміткері Сабит Раянның әжесі ақ батасын берді. Аманат тапсыру Бопаш Дамирге бұйырып, қабылдап алу оқу үздігі 10-сынып оқушысы Хамзе Жанибекке берілді. Соңғы қоңырауды 1-сынып оқушысы Есенбек Жаннұр және 11-сынып түлегі Шаяхметов Абзал соқты. Сонымен қатар келген қонақтар, көрермендер оқушылардың дайындалған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау