Қаратерек орта мектебінде мектеп бітірушілер мен мектеп білім алушылары арасында 12 маусым күні «Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты жиыны өтті.
Аттестат тапсыру салтанаты мерекеге сай безендірілген мектеп дәлізінде өтті. Кешті жүргізушілер салтанаттың мәні мен маңызы туралы өлеңмен өріп жеткізе отырып, ашық деп жариялады.
Салтанатты жиын ашылған соң, мектеп бітіруші түлектер ортаға шақырылып,. Қазақстан Республикасының Мемлекттік Гимні орындалды. Мектеп басшысы Куандыкова А.Б. құттықтау сөз алып, түлектерге ақ тілегін жолдаса, салтанатқа қатысқан Қаратерек селолық округінің әкімі Касымбеков А.А. мектеп бітірушілерге сәттілік тіледі.
Бұдан соң жүздері бал-бұл жанған мектеп бітіруші оқушыларға аттестаттар тапсырылды.Ұстаздар атынан сынып жетекшілері Касымбекова С.М. Ата-аналар атынан М.Хасенова, Н.Усаева сөз сөйлеп, ыстық лебіз, игі тілектерін жеткізді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау