"Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысы жайлы ақпарат.
Қаратерек орта мектебінде «Бірінші сынып білім алушылардың ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында «Аққу» шағын орталығы мен дайындық сыныбының ата-аналары арасында конференция өткізілді. Жиналысты мектеп директоры А.Куандыкова ашты. Бұл іс-шараның мақсаты мен маңызын түсіндірді.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының «БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК» республикалық ата-аналар жиналысының қатысушыларына арналған сәлемхатты оқып берді.Мектеп психологы Искендирова А.К. сөз берілді, ата-аналармен сауалнама өткізді. Отбасылық Тәрбиелеу Институты туралы бейнефильмді ұсынды. Бастауыш білім– ересектер әлеміне қарай саналы өмірдің басталуы, және баланың кім болатындығы, қандай болатындығы оның жемістілігіне байланысты екенін айтты. Баланы мектепте оқытуға бейімдеу туралы ата-аналарға кеңестер берілді. «XXI ғасыр ата-аналары: қазіргі заманғы оқушыға қалай көмектесуге болады» тақырыбында презентация көрсетілді. Құрметті ата-аналар! Сіздерге және мектеп табалдырығын аттаған балаларыңызға сәттіліктер тілейміз!Бақытты болыңыздар! деп өз сөзін аяқтады.