Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Алкогольді ішімдіктің алдын алу »туралы өткізілген іс- шара.

Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Жүйке жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.

Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.

Қаратерек орта мектебінде аталмыш тақырыпта жоспарға сай  бірнеше іс-шара өткізілді. Сурет пәнінің мұғалімі Сарсенова А.А.«Ішімдіктің қоғамға тиер зияны» атты сурет байқауын ұйымдастырды.                             

«Денсаулыққа зиянды әрекеттер» атты сынып сағаттар өтіп, тарих пәнінің мұғалімі Касымбекова С.М. «Ішімдіктің адам ағзасына зияны» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.                                                                                     

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мусекенова Б.О.«Жаманнан жирен,жақсыдан үйрен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Біз ішімдікке қарсымыз!» тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Усаев А.И. спорттық шаралар өткізді.

Мектеп психологы Искендирова А.К. «Маскүнемдік және ішімпаздық»тақырыбында лекция жүргізді.

10-шы сынып жетекшісі Сарсенова Г.Ж. «Өмірің өз қолында»конференция ұйымдастырды.    


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь