«Қош бол, балабақшам» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті.
29 маусым күні сағат 10.00 –де Қаратерек орта мектебінің жанында орналасқан «Аққу» шағын орталығында «Қош бол, балабақшам» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік басында мектеп директоры А.Куандыкова түлектерді құттықтап, мақтау қағаздарын берді.
4 түлек: Жұмаш Алдияр, Абаев Амир,Ақылбек Айзере, Мусекен Айғаным балабақшамен қоштасып, даярлық сыныбына көшірілді. Келесі оқу жылына «Аққу» шағын орталығында 11 бүлдіршіндер қалды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау