Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын 25 мамыр күні сағат 10.00- де мектептің салтанат залында өтті.
Соңғы қоңырау мерекесіне аудандық ветеринарлық станцияның басшысы Жұмабеков Т.С., Қаратерек с/о әкімі Касымбеков А.А. мен еңбек ардагері Ақылбек ата мен Мұхамеджан ата қатысты. Салтанат залы мерекеге сай безендірілді.Қабырға газеттері ілініп, шарлармен, ленталармен, гүлдермен әшекейленді. Соңғы қоңырау ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Алғашқы сөз мектеп директоры Арайлым Куандыковаға беріліп, ол кісі мектебіміздің жыл бойғы жетістіктерін ортаға салды. Мектеп өміріне бар ынтасы мен қатысып, үлкен белсенділік танытқан ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқу ісінің меңгерушісі Мусекенова Б.О. оқу жылының аяқталуы жайлы бұйрықты оқып, оқу үздіктері мен жақсы үлгеретін оқушыларға алғыс жариялап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Мерекеде ұстаздар, сынып жетекшілер және ата-аналар да жүректері лүпілдей соғып, алдағы кездесетін өмірдің үлкен сындарынан мүдірмей өтіп, қиындықтарды жеңе білетіндеріне сенім артып жүректен шыққан жылы тілектерін жеткізді. Ата- аналар атынан Мұхамеджан ата сөз сөйледі. Мереке барысында мектепке, ұстазға байланысты әндер орындалып билер биленді. Мереке барысында 1, 4 және 9 сынып оқушыларына сөз берілді. Олар мектепке, ұстазға деген алғыстарын өлең оқып, ән айтып білдірді. Қорыта айтқанда, соңғы қоңырау өте жоғары дәрежеде өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау