«Алғыс білдіремін» ашық хаттар жазу. Білім алушылар А4 қағазына аналарына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдады.Білім алушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасады. Қаратерек орта мектебінің «Қолқанат» тобының көмегімен өткен «Алғыс айту – ризашылық белгісі» атты қарттарға көмек көрсетілді.Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямайды, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтады. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратыны бәрімізге мәлім..
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйрену және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаудың мақсатында Қаратерек орта мектебінде «Жүрегім толған жақсылық» мерекелік іс – шара өтті..
Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау