Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

ТІМ Г.Ж.Сарсенованың ЖИТС-қа қарсы күрес күніне байланысты өткізген іс- шаралар есебі.

    ЖИТС-тің алдын алу мақсатында Қаратерек орта мектебінде мектепішілік жоспар жасалып бекітілді. Жоспар бойынша ЖИТС-тан сақтану жолдарына байланысты «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Қатерлі СПИД кеселі!», «Жаны саудың тәні сау!» тақырыптарында 7-8 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттарына мектеп медбикесі Абылханова М.А. қатысты.Барлық 1-10 сыныптарда «Мен СПИДсіз өмірді қалаймын» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.1 желтоқсан – Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай акция ұйымдастырылды.Акцияға Қаратерек селолық округының қызметкерлері қатысты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі УсаевА.И. «Жастар нашақорлыққа қарсы!» тақырыбында 7-8-9-10 сыныптар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді.Салауатты өмір салтын насихаттайтын көріністер қойылып,мектеп медбикесі Абылханова М.А. «Абайлаңыз,СПИДтен»тақырыбында дәрігерлік кеңес жүргізді.Тарих пәнінің мұғалімі КасымбековаС.М. «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден» атты   ашық сабақ өткізді.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі «Жирен жаман әдеттен»тақырыбында шығарма сайысын ұйымдастырды.Шығарма сайысында 7-8 сынып оқушылары белсенділік танытты. «Бүкіл әлемге тараған індет»тақырыбында сурет пәнінің мұғалімі   Сарсенова А.А. өткізді.Сурет арқылы балалар өз ойларын жеткізуге тырысты.Мектеп психологы Искендирова А.К. «СПИД-ғасыр індеті»атты психологиялық тест ұйымдастырды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь