Тақырыбы: «Білгірлер бәйгесі» (Интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеру, түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы ой-өрістерін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілеттерін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: қима қағаздар, тіл туралы нақыл сөздер, ақындардың сөздері, гүлдер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өнер
Барысы:
2) Әділ-қазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен, ұранымен, таңбасымен танысу.
І топ: «Алғырлар»;
ІІ топ: «Тапқырлар»;
ІІІ топ: «Үздіктер»;
ІV: «Жүйріктер».
(Әр топ өзіміздің ұранымызды шығара қояйық)
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Кім жүйрік?»;
2-кезең: «Тіл – өнер»;
3-кезең: «Топтан топқа көрімдік»;
4-кезең: «Үздік топ басшысы».
Олай болса, алғашқы «Кім жүйрік?» кезеңін бастаймыз. 5-сыныптан бастап өтілген қазақ тілі тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар:
1-топ:
2-топ:
1. Қосарлы, яғни дифтонг дыбыстардың саны нешеу? (3)
2. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке)
3. Әліпбидегі қатар тұратын 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
4. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)
5. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
6. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
7. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
3-топ:
1. «Пәлеқор» сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
2. Көзқарас күрделі сөздің қай түріне жатады? (біріккен)
3. Дыбыс үндестігінің түрлерін атаңдар (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы)
4. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
5. Дауыстылардың саны қанша? (12)
6. Әліпбидегі 10-дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
7. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
4-топ:
1. Қосымшаның неше түрі бар? (екеу)
2. Жұрнақтың түрлерін атаңдар (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
3. Зат есімнің мағыналық түрлерін атаңдар (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
2-кезең: «Тіл – өнер». Берілген мақал-мәтелдерді аяқтау (кезек-кезекпен)
3-кезең. «Топтан топқа көрімдік». Бұл турда топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен көрші топқа түсіндіреді. Тапқан топқа ұпай беріледі.
1-топ:
Жылқы
Қасық
Той
2-топ:
Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
3-топ:
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
4-топ:
Боран
Бесік
Айна
4-кезең: «Үздік топ басшысы». Төрт топ басшысы А, В, С, Д әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ басшысы – сын есім, В әрпін таңдаған топ басшысы – сан есім, С таңдаған топ басшысы – етістік, Д әрпін таңдаған топ басшысы – антоним қатысқан мақал-мәтелдер айтады.
(Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында)
Жүргізуші:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім, демекші - «Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Осымен «Білгірлер бәйгесі» атты сайысымыз аяқталды. Қош-сау болыңыздар!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау