10 сынып оқушысы, Сабыр Ақниет Қайратқызы
Ыбырай Алтынсарин(1841-1889). Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы. Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі, атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен. Белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітаптар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың сегізінші жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады. Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүниежүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады. Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді…».
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси- әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбексүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді. Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері, – деп жазды ол, — қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы, оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын. Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді. Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «…Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды…. Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек… Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тигізді. Инспекторлық жұмысқа кіріскен соң ол дінияуи мектептерді ашуды қолға алды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Мұғалімдер даярлау ісімен қатар оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс-қазақ училищелерінде К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстой «Әліппе және оқу кітабы», Ф.Бунаковтың «Әліппесі мен құралы», Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік беруді көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді. Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді. Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан зор маңызды тарихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты. Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Ол Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Қазақ даласын үш жыл аралығында қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерде училищелер салудан гөрі үйінің онсыз да қып-қызыл шатырын сылауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды» - деп жазды.
Ы.Алтынсарин өз заманының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асты.
Абай Құнанбаев
Өмірі. Қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шыншыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Смағұл аты балалары болған. Бұлардан Абай жас кезінде-ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін, ертегі-аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр-қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан – жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар. Ауыл молдасынн сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул-Жаппар, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабағымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмытылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады. Медресе Абай үшін дін оқуы ғана болмай араб, парсы, түркі тілдерін игеріп, сол тілдегі әдеби қазыналарды игеруге мүмкіндік берді. Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады. Осы үш ай Абайдың өз бетімен жаңа сарын әкелуде көп әсері болады. Құнанбай он үш жастағы Абайды өз қасына алдырып, ел басқаруға даярлайды. Бұл Абайдың нақ толысуына, ел азаматы болып өсуіне мүмкіндік береді. Абай би-шешендердің арасында жүріп, қазақтың билік тілін, сол кездегі елшілік тілін игереді. Шығыс, орыс әдебиетіне қанық Абай үшін ел ішіндегі сөз байлығы жаңа тапқан, атадан қалған алтын сүбелі қазынасы болады. Кейін Абай болыстық жолды, даланың билік жолын да көреді. Үш жыл бойы Қоңыр Көкшеге болыс болған Абай 1878 жылдары бұл қызметін тастап кетеді. Себебі ақын үстінен жалған арыз жазған Үзікбай Бөрібаев жаласынан Абай көп уақытын Семейде ояздық сотта, губернаторда өткізеді. Сол уақытта Абай патшалы Ресейдің жаңа қырын, қазақты билеп отырған өзге, жаттың басқа бейнесін көреді. Ояз, губернатор секілді биліктің негізгі өзегі мен арадағы делдал қазақ байшікештерін, тілмаш, старшын, болыстарын көріп, олардың нақ бейнесін таниды. Осы кезден бастап Абай жан саясын кітаптан тауып, әсіресе орыс-батыс іліміне бүтіндей бет бұрады. Абайдың көп барар, сүйікті жері Семей кітапханасы болып, осы арадан үлкен білім, нәрлі оқуға бет бұрады. Кітапханада жүріп, төңкерісшіл Чернышевскиймен танысын, сонымен үндес 1870 жылы Петербургтен студент кезінен айдалып келген оқымысты, білімді жан Михаэлис атты демократпен танысады. Михаэлис арқылы жас дәрігер Долгополов, Леонтьев секілді өз кезінің көзі ашық, оқыған деген кісілерімен біліс болады. Бұлар Абаймен жақын араласып, ауылында болып қайтады. Абай тек орыстан тыйылмай, Сібірден, итжекеннен қашқан Кавказелі кісілерін де бауырына басып, көмек қолын созады. Әсіресе Тастемірдің баласы деген жанды Абай ауылында күтіп, астына ат, өзіне керек-жарағын беріп аттандырады. Қазандық татар Мұхаметкәрім солдаттықтан қашып келіп, Абай ауылын паналайды, Ғабихан «Кішкене молда» деген атпен туыс, жақын кісідей болып кетеді. Демек, Абай Ресейдің қол астындағы бұратана жұрт, бұғаулы елдің жайын да қанық біліп отырған. Осы жайлы патша өкіметі Абай ауылына әлденеше тінту жүргізген. Алғаш білімге қол созғанда қолына түскен бар кітапты оқитын Абай кейінгі кезде жүйелеп, саралап оқи бастайды. Орыстың ақын-жазушылары ішінен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов, сыншыл-ойшыл ағартушылардан Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропа ақындарынан Гете, Байрон философтардан Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепелерді, Шығыстан Шәмси, Сәйхали, Сағди секілді ұлылардың еңбектеріне бет қояды. Абай енді ғана білім-ғылымға ден қоюмен шектелмейді, екінші баласы Әбдірахманды, кейіндері үшінші баласы Мағауияы, қызы Гүлбаданды Семейдегі орыс мектебіне береді. 1884 жылы жасы қырыққа таяған, Абай бұл кезде нағыз білімді, озық ойлы, көп мағлұматты кісіге айналады. Бірақ ел тірлігі Абайды өлеңнен әкете береді. 1886-1887 жылдардан бастап ақын қазақ ішіндегі келеңсіз жайларды жырға қосады. Әсіресе Ырғызбай ауылындағы кезекпен болыстық Ысқаққа келгенде ол билігін асыра сілтеп, бұрын Абай сеніп жүрген Жиренше, Күнту секілді жандар мүлдем кетісіп, осы жаулық Абай өмірден озғанша жалғасады. Кейіндері осы топ ішінде Күнтуды болыс сайлап, Құнанбаймен бұрыннан жау Базаралы Сібірден қашып келіп қосылып, тек Ырғызбай емес, оқ басына Абайды ұстап жалған арызбен, өтірік жала шағыммен қауіп төндіреді. Әсіресе Қарамолда деген жердегі «шербешнацй» төтенше сиязда Абайға ашық жаулық көрсетеді. Бірақ Абайды тергемек болған жандары онымен сөйлесіп білімдарлығына таңғалып, жазалау орнын сол сияздың төбе биі етіп сайлап кетеді. Абай бұнда жай бұйрық кесіп айтып қана қоймай, 100-дей ереже шығарып кетеді. Кейін Абай Семейдің генерал-губернаторымен кездесіп, ақ, адал екенін дәлелдеп шығады. Күнту болыстығынан түсіп, арызшылар аз саябыр тартады. 1886-1889 жылдар Абайдың ең бір мол жазған жемісті кезі болады. Пушкиннің «Евгений Онегинін» осы кезде аудара бастайды. Абай өлеңмен ғана болмай жанына скрипкашы өнерпазды, ақын Көкпай секілді жандарды да паналатады. Абай ауылында Біржан сал болып, әсем әнін Тобықты еліне таныстырып кетеді. 1889-1891 жылдар ішінде де ақын ән өндіре жазады. Бірақ тағы да ел бәлесі, ру дауы Абайды қайта мазалайды. 1890 жылы басталған Абайдың інісі Оспан мен Оразбай арасындағы тірес жаулыққа ұласып, Оспан мен Оразбайды Семейден арбаның артына таңып әкеледі. Бұл үлкен тартысқа ұласып, өрт ушыққан шақта 1891 жылы Оспан өліп, бар ауырлық тағы Абайға тақалады. Қадірлі іні Оспанның қазасы, Оразбай бәлесі ақын үшін қалың қайғы, көп қиындық әкеледі. 1895 жылы Абайдың көп үміт тосқан баласы Әбдірахман құрт ауруынан қайтыс болады. Семейдің уездік мектебін, Түменнің «реальное училищесін», Петербургтің «Михайловские артиллерийская школасын» бітіріп, әскери академияға түсем деген кезінде Алматыда көз жұмады. Оспан қазасынан кейін ақынды шын күйретіп кеткен осы өлім болады. Әбдірахманға арналған аза өлеңдерінің топтамасы соны танытады. Өз жарасын өзі жалап жазған ақын қайта елі ішіндегі ұстаздық ісін жалғастырады. Мәжіліс құрып, шәкірттерге бар білерін қайта үйрете бастайды. Әсіресе әлем әдебиетін әңгімелеп айтып, жаңа тәсілмен ел құлағын құя береді. «Мың бір түн», «Шахнама», «Бақтажар», «Ләйлі-Мәжнүн» секілді шығыс дастандары өңделіп айтып, мүлдем тың А. Дюмның «Үш нояны», «Сүлеймен патша кеніші» романдары қазақ даласының қанық та тәтті әфсанасына айналады. 1891 жылы Абайды ескіден жауласқан дұшпандары Мұқыр сайлауында тосып, Абай мен Кәкітайды сабап кетеді. Абай үшін жанашыр ел атқа қонады, жаны жаралы жүрегі назды ақын Оразбай тобымен туған ағасы Тәкежан сыбайлас екенін сезгенде, қатты өкінішпен, өзгеше жатқанында інілері Ысқақ пен Шәкәрімдер ұстап қалып, жалынап жібермейді. 1899 жылы өлеңді дендеп жазып, кейін келе 1903 жылы тоқтатып, сода соң мүлдем жазбайды. 1903 жылы Абай ауылында тағы бір тінту жасалады. Полицейлер аса зор қарқынмен, қопарып тексеріп кетеді. 1903 жылы Абайдың ендігі қайғысы сүйікті баласы Мағауия төсек тартып, 1904 жылы көз жұмады. Мағауия өлген соң, Абай бар жұбаныштан, сөзден бас тартады. Өзін емдетпейді. Қатты қапамен Мағауияның қырқында 1904 жылы 23 маусымында қайтыс болады. Сүйегі өз қыстауы Жидебайға қойылады.
Мағжан Жұмабаев Магжан Бекенович Жумабаев - знаменитый поэт, одна из ярких звезд, появившихся на небосводе казахской литературы в начале XX века. Он родился в Полуденовской волости Акмолинского уезда Акмолинской губернии (нынешний Булаевский район Северо-Казахстанской области). Его отец, Бекен (Бекмаганбет) - человек среднего достатка, имевший большое влияние в своей среде благодаря своим качествам: справедливости, объективности в суждениях, человечности. Видимо это послужило основанием для избрания его волостным управителем. Начав обучаться грамоте у сельского учителя, Магжан в 1905 году поступил в Кызылжарское медресе, которое закончил успешно. Но обучение здесь не удовлетворяло любознательного молодого человека. В поисках образования он отправляется в Уфу. Там ему удалось поступить в Медресе-Галия, которое по тем временам по уровню преподавания приравнивалось к высшему религиозному учебному заведению. Здесь на него обратил внимание преподаватель, известный татарский писатель Галымжан Ибрагимов, который, увидев в молодом акыне проблески огромного таланта, стал помогать ему. С его помощью в Казани был выпущен первый сборник стихов Магжана под названием "Шолпан", с его же помощью Магжан поступил в учительскую семинарию в Омске. С детства обучавшийся на русском языке, хорошо знакомый с русской литературой, Магжан состоялся как казахский поэт, выделяющийся своим талантом и собственным стилем. Если в основе его стихотворений вначале преобладали темы вечно молодой любовной лирики, то по мере взросления Магжан постепенно переходит к гражданской тематике. Но и гражданские темы пронизаны глубиной и силой переживаемых им чувств горечи и разочарования. Поэтический дар помогает Магжану донести до читателя крик души, гармонично связывая чувства с общественными темами. В эти годы он слушает лекции таких выдающихся личностей, как Ахмет Байтурсынов и Миржакып Дулатов, что способствовало росту его творческого уровня. Пример великих учителей вдохновлял поэтическую душу Магжана. Только содержание народных песен, но и гармонию их звучания, мелодичность, внутренний дух, умел передавать словами такие чувства, которые подвластны только музыке. В этом и заключается утонченная особенность Магжана как поэта. Магжан - поэт, не похожий на других, со своим особенным стилем. Он рассматривает жизнь как одну единую картину, а человека как творение великой природы, частицу мироздания. Он старается вникнуть в суть происходящего, выясняя состояние и тенденции рассматриваемых проблем, его интересует не только внешняя сторона явлений, но и внутренний смысл. Он рассматривает мир с философской точки зрения. Во время работы в журналах "Шолпан", "Сана", в редакции газеты "Ақ жол", учебы в Московском институте литературы и искусства он всегда в поиске, на творческом подъеме. Судьба талантливого поэта, вступившего в пору зрелости, достигшего определенных высот в образовании и творчестве, была внезапно изменена вмешательством в его жизнь красных палачей, которые посадили его в тюрьму. В 1929 году акын подвергся преследованиям. Вначале по ложному доносу его осудили на 10 лет. Благодаря вмешательству М. Горького и его жены Е. Пешковой он был освобожден в 1936 году; через год его снова осудили как "врага народа" и в марте следующего года приговорили к расстрелу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау