2017 жылы 17-21 сәуір аралығында«Ел тірегі-Тәуелсіздік,Тәуелсіздік тірегі-Елбасы!» атты тарих пәні бірлестігі апталығы өтті.Апталықтың мақсаты:-Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін,сол деңгейге жетудегі Елбасының жолы туралы білім алушыларға насихаттау.Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Алашорда үкіметінің құрылуына 100 жыл, және бейбіт өмірдің шуағын сыйлаған Ұлы Жеңістің 72 жылдығын атап өтеміз.Биыл Қазақстанда бүкіләлемдік көрмесі «ЭКСПО-2017» өткізіледі.Бұл оқиғалар келешек ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің,сонымен қатар татулығы мен тыңыштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу.
-Оқушыларды Отанды сүйюге, ұлтжандылыққа,елжандылыққа тәрбиелеу.
-Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
-Бүгінгі заманға сай,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа баулу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау