12 сәуірде 2- сыныпта «Ғарыш әлемі» атты тәрбие сағаты өтті.
Жарық әлемі жайлы түсінік бере отырып, оқушылардың таным деңгейлері кеңейіп, ғарышкерлерге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтары артты. Презентация жасалып, ғарышкерлер суреті ілініп, оқушылардың ғарыш әлемі жайлы салынған суреттерімен көрме ұйымдастырылды. Сонау ерте заманнан адам баласының ұшуды армандағанын, табиғаттағы құстар мен жәндіктерге қарап ұшу құралдарын ойлап тапқаны жайлы слайд көрсетті, түсіндірді.
Ғарышқа жол 1957ж 4 қазанда ашылғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі ғарыштық дамуынан үзінділер келтірілді. «Ғарышта тірі жан» слайдында Лайка, Стрелка, Белка атты иттердің ғарышқа ұшырылуын айтты. «Ғарышта тұңғыш адам» 1961ж 12 сәуірде ғарышта 108 минут болған Ю.А.Гагарин жайлы сөз етті. Оқушылар «Мен ғарышкер боламын» әдеби монтаж өлеңдерін оқыды.
«Ғарыштағы ғаламшарлар» слайдында 8 ғаламшар жайлы оқушылар мағлұмат берді. Қазақ ғарышкерлері жайында оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Үш қазақ ғарышкерлері: Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов жайында мағлұмат берілді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы жайында, оның біздің Қазақстанда орналасқаны жайлы оқушылар ерекше мақтаныш сезіммен айтты.
«Сізден бізге бір тілек» айдарында ғарышкер, зымыран, ғарыш, ғаламшар сөздерін пайдалана отырып бір-біріне тілек айтты. Қатысып отырған мұғалімдер де оқушыларға осы сөздерді пайдалана отырып, жүрек жарды лебіздерін білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау