Облыстың үздік би топтары балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен аптада Петропавл қаласында "Каблучок" атты Облыстық би сайысы өтті. Сайысқа 40-тан астам хореографиялық ұжым қатысты. Бұл сайыста Уәлиханов ауданының өнер мектебіне қатысатын Кішкенекөл қазақ мектеп- гимназиясының биші қыздары жүлделі ІІ орынға ие болды. Жүлдені жеңіп алған би тобының құрамына 7-сынып оқушылары Орынбай Маржан, Ильяшева Айкүміс, 8-сынып оқушылары Серік Роза, Рахмет Шолпан, Айкешова Шахеризада, Бейсенбаева Асем болды. Би жетекшісі Иманған Куанған ағамызды және өнерлі биші қыздарымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!