География пәнінің мұғалімі Куандыкова А.Б.«Жер тағдыры – ел тағдыры» атты экологиялық кеш өткізді. Экологиялық кештің мақсаты – білім алушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру. Табиғат-тіршлікітің көзі. Экологиялық білім жайлы кіріспе жасалды. Білім алушылар мынадай тақырыптарда баяндама оқыды: «Табиғаттағы тіршілік», «Табиғатты қорғаудағы міндеттеріміз», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы».Табиғат жайлы өз шығармашылықтарын (суреттер, өлең жолдары) ұсынды. М.Мақатаевтың»Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның білім алушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы, табиғаттың сұлулығын сақтай білу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау ең басты мақсатымыз, парызымыз болуы керек екенін ұғынды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау