Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Химия әлеміне саяхат (Интеллектуалдық ойын )

Химия әлеміне саяхат

(Интеллектуалдық ойын  )

Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан «Химия әлеміне саяхат» Интеллектуалдық ойын  өткізгелі отырмыз.Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

                                              Ғажайып нәрсе химия,

                                             Тұңғиық сыры әр алуан.

                                             Жоғалып бір зат зым-зия

                                             Жаңалып бірі жаралған.

                                             Өмірдің бірақ керегін,

                                             Осылар тауып берер ме?

                                             Табар ма ешкім дерегін

                                            Телмірмей, сірә, тереңге.,

  Болсын дейміз жарысымыз жемісті,

Озып шықсын кім білімді, кім күшті.

Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек

Берер дейміз әділдікпен жеңісті.

1 - кезең: Таныстыру (Әр топ өздерің, эмблемаларымен таныстырады)

ІІ – кезең: Лездік сұрақтар ( Әр топқа он сұрақ беріледі, әр дұрыс жауап берілген сұраққа     бір ұпай беріледі).

І топ 1Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы  

2Қанның құрамына кіретін металл  

3Периодтық кестеде қанша бейметалл бар?

4Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ

 бөлшегі

5Индекс нені білдіреді? 

6Фосфор қышқылының формуласы 

7Күкірт қышқылының тұзы 

8Кремний элементінің оқылуы

9Электронды беру процесі

10Мұздың кристалдық торы   

ІІ топ  1 Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым

    2 Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы  

    3Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл  

    4Сұйық металл 

    5Ас тұзының формуласы  

    6Күкірт қышқылының оқылуы  

     7Темір элементінің оқылуы 

    8Көмір қышқылының тұзы

     9Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр

    10Периодтық кесте неше топтан тұрады?

ІІІ – кезең: Химия қызықты тәжірибелер. ( реакция ның жазылу түрінде беріледі соны тәжірибе жасап қорғау)

Ү кезең:

 Химиялық эстафета (әр топ қаппен секіріп, үйдін суреттін салу)

ҮІ кезең:Полиглот ( берілген элементтердің таңбасын, қазақша аталуын, орысша аталуын, оқылуын айту)  ұпаймен бағаланады

ҮІІ кезең: Химиялық жұмбақтар: (Әт топқа жұмбақтар жасырылады соның жауабын беру)

 

 І топ:1 Бірінші бөлігім «көп» емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, химиялық қай элементпін?

   2 Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным  сан есім, өзім химиялық қай элементпін?

   3 Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай,  екінші бөлігім  сан есім, «шипалы газ»  деп те есептейді

ІІ топ:

  4 Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін.    

  5 Бірінші бөлігім «тасқын су» деген мағынада , екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі, өзім химиялық элементпін    

  6 Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы әрібім алып тасталса шаруашылық заттарын  салатын ыдысқа айналамын

10 Өзім газбын, менімен демаласың,

      Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың

11 Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

     Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге

12 Ең жеңіл элемент саналады,

     Периодтық жүйе осыдан бастау алады  

ҮІІІ кезең Шығармашылық жұмысты қорғау ( әр топ берілген тақырыпқа қызқаша мәлімет жазу(

Осымен интеллектуалдық ойын  өз мәресіне жетті әді- қазыларға сөз беріп  жеңіппаз топты аттап құттықтау.

       
       
       
       

  

Викториналық сұрақтар

 

Сүйекті  қаптайтын элемент.

(кальций)

Атом -  молекулалық теория негізін қалаушы.

(М.В.Ломоносов)

Периодтық кестеде неше период бар?

( жеті)

Тыныс шығарғанда шығарылатын газ ?

(көмір қышқыл газы)

Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл ?

( иод)

Ең жеңіл металл

( литий)

Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл

( тұз қышқылы)

Бейорганикалық қосылыстардың төрт класын ата

( оксидтер,негіздер, қышқылдар, тұздар)

Зат мөлшерінің өлшем бірлігі

( моль)

Қанның құрамына кіретін металл

( темір)

Хлордың салыстырмалы атомдық массасы

( 35,5 )

Күкірт қышқылының формуласы

( H2SO4)

Иодты қай жылы, кім ашты?

( 1811 ж. Крутуа)

Отынның жануы қандай құбылыс ?

( химиялық)

Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер

( амфотерлі)

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь