Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиты.
Сабақтың мақсаты: Мұхиттардың географиялық орнын, пайдалы қазбаларын оқыту, тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру, пікірлерін айтуға; топпен, өз бетімен жұмыс жасауға баулу;
Сабақ барысында қолданылатын жұмыс түрлері: Сергіту сәті, топтық жұмыс, постер қорғау, ассоциация жасау, әңгімелесу, диалог, талдау, кері байланыс.
Сабақта қолданылатын құралдар: Компьютер, доп, маркер, карта, бағалау парағы, үлестірмелі материалдар.
Негізгі ресурстар: «Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, қосымша интернеттен алынған материалдар, мұхиттар карталары, атлас карталары , энциклопедия.
Сабақтың барысы:
Топқа бөлу: өзендер, көлдер, шығанақтар, бұғаздар ( төрт топқа бөліп отырғызу.
II.Қызығушылықты ояту
« Миға шабуыл» ( 10 минут)
Доп беру арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын бекіту. Допты қағып алу арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.
2). Ой шақыру.
« Су деген тіршіліктің қаны емеспе,
Су деген табиғаттың жаны емеспе,
Су жоқ жерде өмір жоқ , ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емеспе?! Өлең жолдарында не туралы жазылғанын түсіндіреді, талдайды, жауап береді.
3) Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмамен жұмыс
Сллтүстік мұзды мұхит пен Атлант мұхиты туралы рефераттарды тыңдау.
III. Мағынаны тану.( 10 минут)
4 топқа берілетін тапсырмалар:
Әр топ берілген тақырыпты талқылап, түсінгендерін талқылау парағына сурет салу немесе жазу арқылы түсіндіреді.
Топтық жұмыс.
V.Бағалау. ( 5 минут)
Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығару. Рефлексия парағын тарату. Инсерт әдісі. Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
«Келешекте мұхит қандай болады?»
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау