Қазақ тілі
Тақырыбы: Үстеу
Мақсаты:
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық.
Көрнекілігі: Слайдтар, үлестірмелер карточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлем сөздің – анасы»
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы білімге қол жеткізу.
Психологиялық дайындық:
Қазақ тілі сабағын,
Жанымыздай сүйеміз.
Сауатты әрі әдемі,
Жазуларды түзейміз.
Қолымыздағы кітапты,
Жоғары алып қоямыз.
Ережені жаттап ап,
Орынды пайдаланамыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Фишбоун»
Септіктер |
А.с І.с. Б.с. Т.с. Ж.с. Ш.с. К.с.
Ребусты шешейік:
,,, ,,, ,,, ,,
Жауабы: /үстеу/
ІІІ. Жаңа сабақ:
Тақтамен жұмыс:
Ереже шығарайық:
«Қонжық пен ит»
Аңшылар бүгін қонжық алып келді. Үйге кірген соң, қонжық өзін еркін сезінді. Бөлмеге кенет ит кіріп келді. Ол іште аң барын бірден сезді. «Шақырылмаған қонақтың» мұнда лезде қалай кіріп алғанына аң-таң.
Қонжық артқа шегініп, ақырын жақындап келе жатқан итке кішкентай көздерімен ашулана қарады.
Ит дереу бойын кере, ауаны ішіне тартты , өз әдетімен әуелі беймәлім жауының иісін алғысы келді.
Сәйкестендіру тесті:
Орманда Кім?
Ертең Қайда?
Ақын Қалай?
Жуынды Қашан?
Болымсыз етістік Не істеді?
Секірді Келме
Үстеулерді тауып, сұрақ қой.
Айнадай төңкерілген үстімде аспан,
Төменде көк толқындар көбік шашқан.
Т.Жароков
Үстеулерді тауып, сұрақ қой.
Жаздыгүні шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Абай Құнанбаев
Оқулықпен жұмыс:
Сергіту сәті:
Алақанды ұрайық,
Білегімізді бұрайық.
Сілкіп, сілкіп алайық,
Оң қолымызды созайық.
Сол қолымызды созайық,
Екеуін бірге қосып ап,
Алақанды ұрайық.
Әр топқа тапсырма ұсыну.
Үстеулерді оқы. Қайда? Қашан? Қалай? Сұрақтарына жауап беретін үстеулерді жеке-жеке топтап жаз.
Қазір, ертең, зорға, былтыр, жоғары, алды, кейін, ілгері, артта, сонда, кенет, төмен, әрең, үнемі, дереу, тез.
Қайда? |
Қашан? |
Қалай? |
|
|
|
Өлеңді жатқа айт:
Ұланымын елімнің,
Мен оқушы баламын.
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары.
Ж. Молдағалиев
148 беттегі 5-жаттығу. Ережелерді жатттау, қайталау.
Пайдаланған әдебиеттер:
Бастауыш сынып журналы.
«Балжұмбақ» газеті,
Қазақ тілі әдістемелік нұсқаулығы,
Қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдар жинағы.
Бастауыш мектеп журналы.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау