Сабақтың тақырыбы: Көктем қандай көрікті?
Мақсаты: Мәтінді оқу арқылы мазмұны мен негізгі идеясын ашу. Жыл мезгілдерінің әрқайсысына сай атаулары мен құбылыстарын аңғара отырып, өз бетінше жұмысқа үйрету
Нәтижесі: Мәтінді оқу арқылы мазмұны мен негізгі идеясын ашты. Жыл мезгілдерінің әрқайсысына сай атаулары мен құбылыстарын аңғара отырып, өз бетінше жұмысқа үйренді
Ресурстар: Бағалау парағы, микрофон, стикер, смайликтер, бор, түрлі-түсті маркер, суреттер, қима сөздер, автор портреті.
Әдіс- тәсілдер: «Хикая пирамидасы», «Адасқан оқиға», «Insert»,
Сабақтың кезеңдері |
Көктем қандай көрікті? Әли Ысқабай
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І.Ынтымақтастық орта
Топқа бөлу /2 мин/ |
Ескісіз- жаңа болмайды, Ескісіз-дана болмайды. Сыныптастар, осы біздер қандаймыз? Талабы биік таудаймыз! Ақылдымыз! Парасаттымыз! Көңідіміз! Үлкенге ізеттіміз! Кішіге қамқормыз! Көп оқимыз! Жыл мезгілдерін ретпен атау арқылы топ құру (Көктем, Жаз, Күз, Қыс)
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І.Білу |
«Хикая пирамидасы» әдісі Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» Көктем тобы, Жаз тобы, Күз тобы, Қыс тобы: Нөмірленген стикер таңдай отырып, тапсырмалар орындайды. Бағалау парағы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ Түсіну /10 мин/ |
Төрт жыл мезгілінің суреттерін көрсете отырып, жұмбақ шешу Ақ түсті, Көк түсті, От түсті, Тот түсті – Төрт түсті жер үсті. /Қыс, көктем, жаз, күз - Жыл мезгілі/ «Адасқан оқиға» Әр топ атауына байланысты тұрақты сөз тіркесін таңдау, құру. /туды, шықты, түсті, келді/ Құрған сөз тіркестерін қорғау. Қима сөздер Көктеу, Жайлау, Күзеу, Қыстау. Бұл жыл маусымдарына байланысты мал шаруашылығының тұрағына сөз тіркесін құру. - Бүгін біз жыл мезгілдеріне байланысты тұрақты, табиғи құбылыстарды білдік. Сонда бәріміздің ортақ үйіміз не деп ойлайсыңдар? Табиғат. «Табиғат – менің өз үйім» бөлімін оқып танысамыз. «Көктем қандай көрікті!» Әли Ысқабай «Микрофон» әдісі Автор туралы мәлімет дауыстап оқу. Ысқабаев Әли Әпекұлы (05.05.1939 жылы Балқаш ауданында, Құйған ауылында туылған) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ Қолдану /8 мин/ |
«Insert» әдісі Оқушылардың тізбектеп оқуы. Мәтіннің тарауға берілген суретпен байланысты бөлімін түртіп алып, оқу. Дәптермен жұмыс «Мағынаны тану» Қасат қар – қалың жауған қар. Хош иісіне елтіген – аңқыған жақсы иісін ұнатқан Бағалау парағы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті /1 мин/ |
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІVТалдау /7 мин/ |
«Идея туралы пікір» әдісі Көктем тобы: Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құру. 1. Табиғат көрінісі. Көрікті табиғат 2. Саяхат. Достар. Жаз тобы: Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің? Күз тобы: Көктем мезгілі сендерге неліктен ұнайды? Қыс тобы: Оқиға желісіне қатысты етістік сөздерді жазу. Мазмұндауға арналған тірек сөздер. /қар еріді, сылдыр қақты, қиқулайды, жіпсіді, теңіздей толқиды, жайқалып шықты т.б./ Вербальды бағалау Бағалау парағы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
V Жинақтау /3мин/
|
Әр жыл мезгілі өзінше 3-ке бөлініп аталады. Олар қалай аталатынын білесіңдер ме? Көктем / ерте, орта, көктем аяғы/ Күз /алтын, қоңыр, қара күз/ Келесі тапсырма: Бет 52-53, «Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?» эссе жазу. Жаз, Қыстың 3-ке бөлінуін білу, іздеу. Бағалау парағы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІ Бағалау /2 мин/
Рефлексия /2 мин/ |
Бағалау парағы
«Бір сөзбен» әр топқа 12 сөз жазылған парақ тарату, 3 сөз таңдап дөңгелету
|
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау