Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі.
|
||
оқу мақсаттары |
1.2.9.1. Әріпті тану. Ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.1.2.1.Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім№ не? туралы айтылғанын анықтау 1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.3.8.1..Жазу жолын,жоларалық кеңсітікті,жолдың жоғарғы және төмен сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Т дыбысы мен әрпін түсіндіреді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Т дыбысы мен әрпі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. Топқа бөлу: 1.2.3. топқа бөлінеді
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Тақтада жұмыс: суретке назар аудару -суретте нелер бейнелеген? -әр суретте нелер бар? -әріптерді дыбыстап айтайық Хормен: а о н р л -қандай әріп таныс емес? Үнтаспадан «Т дыбысы» тыңдату -қандай дыбыспен таныстық? Т-дауыссыз дыбыс.Ол әліпбиде көк түспен боялған. -қандай сөздерде т дыбысы бар? Аудио үнтаспадан тыңдау Әли мен Мерейдің -Мерей Әлиге не деді? -Оны қалай табамыз? Топпен жұмыс: әр топқа суреттер тарату 1топ- ат.тал 2топ-ор.ата 3топ- тон.ал Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. Дәптермен жұмыс: 16 бетте т әрпін бастыру ауада жаздыру бас әрпін жазу кіші әрпін жазу Жұмбақ шешу. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Қызықты тапсырма 8 минут |
«Шашылған буындар» ойыны. Шарты: Буындарға басқа буындар жалғау арқылы жаңа сөз жасау. |
Түрлі тапсырмалар |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Түсіндім
|
Смайликтер |
|
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау