Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Қызықты және керекті химия әлемі» сайыс.

Тақырыбы: «Қызықты және керекті химия әлемі» сайыс.
Сабақ мақсаттары:

 Тәрбиелік: жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, үлкенді сыйлай тәрбиелеу.

Білімділік: логикалық сұрақтар, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәнерін, теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге ынтасын, қабілетін дамыту. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып қызығушылығын дамыту.
 Сабақ түрі: сайыс сабақ
                                                    Сайыстың барысы.

                                             I.Ұйымдастыру мезгілі (2 мин).

Бұл сайысқа 3 топ қатысады. Әр топта 5 оқушы (8-11 сынып оқушылары).

Ойынды бастамай – топтарға әділ ұпайлар қоятын әділ-қазылармен таңыстрайық.

Сайыс кезеңдері
I.Таңыстыру. (5 минут).

II.Б ә й г е. (15 минут).              

ІІІ сайыс. Алтын сандық. 5 минут

ІV сайыс. «Капитан сайысы». 10 минут.

V сайыс. «Терминдер аукционы». (7 минут).

VI сайыс. «Үй жұмысы». (7 минут).

VII сайыс. Логикалық сұрақтар. (5 минут).

 

Кіріспе сөз                                                               Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде

деп мұңадай мағынылы «Химиялық кешті» аты сайысымыз бастайық

I.Таңыстыру. (5 минут). Топтың аты, ұраны. (4 ұпай беріледі).

            II.Б ә й г е. (10 минут). (25 жалпы сұрақ, 1 дұрыс жауапқа-1 ұпай беріледі).
1. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? (иод)
2. Ең жеңіл металл ( литий).
3. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су).
4. Отынның жануы қандай құбылыс? (химиялық).
5. Тұз қышқылының формуласы (HCI).
6. Сұйық металл (сынап).
7. Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі (атом).
8. Хлорды қай жылы, кім ашты? (1774 ж. Шееле).
9.Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер
(амфотерлі).
10. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім?(Г. Кавендиш)
11. Сөндірілмеген әк формуласы (кальций оксиді).
12. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер).
13. Электртерістігі ең жоғары элемент (Фтор).

  1. Ас содасының формуласы (NaHCO3 натрий гидрокарбонаты).
    15. Ең қатты металл (Хром).
  2. Судан қорқатындар заттар (Гидрофобтылар).
    17. Ең жеңіл металл (литий, сілтілік металдар).
    18. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшырады (фтор, F).
    19. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар  (тұз қышқылы, HCL).
    20. Ең қиын балқитын металл  (вольфрам).
    21. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат  (ас тұзы, NaCl).
    22. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді  (Күкірт, S).
    23. Өнеркәсіптің негізгі металлы   (темір).
    24. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл  (сүт қышқылы).
    25. Атомның бір түрі  (химиялық элемент)
                                         ІІІ сайыс. Алтын сандық. 5 минут

Дұрыс жауапқа - 3 ұпай беріледі, егер тек 1 ғана атауын айтсаңыз 2 ұпай беріледі.
Міне алдарыңызда Алтын сандық берілген. Сол сандықтың ішінде 9 химиялық элемент таңбасы бар. Сіздер солардың қазақша, латынша атауын айтуларыңыз керек.

Ынатл - алтын – золото - Au
Мсіүк - күміс – серебро - Ag
Йалқаы - қалайы - олово - Sn
Сынорқға - қорғасын - свинец - Pb
Туекс - сутек - водород - Н
Сым - мыс - Медь - Сu
Ектто - оттек – Кислород - О
Ремті - темір – железо - Fe
Аынсп - сынап - Ртуть - Hg
ІV сайыс. «Капитан сайысы». (Бір дұрыс жауап – 1 ұпай). 10 минут.

Химияның қыр - сырын танып білгін – деп капитан сайысымыз бастаймыз.
Әр оқушыға 9 сұрақтан беріледі. Оқушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
1 - сайыскер
1. Химия наны – күкірт қышқыл - иә
2. Озонның формуласы O3 - иә
3. Үйге жарық беретін элемент Темір - жоқ
4. Аспан тасы аталатын элемент Темір - иа
5. Сүйек құрамында сынап бар - жоқ
6. Адам тыныс алатын газ сутек - жоқ
7. Оттекті ашқан ғалым Кавендиш - жоқ
8. Бактериоцидтік қасиеті бар металл Куміс - иә
9. Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым ЛОМОНОСОВ - иә
2 - сайыскер
1. Ең қатты металл Литий - жоқ
2. Адам шашында алтын бар - иә
3. Ас тұзының формуласы Na2CO3- жоқ
4. Период саны 3 - жоқ
5. Көмір қышқылының тұзы Сульфат - жоқ
6. Күміс қасық қараяды - иә
7. Сутекті ашқан ғалым Пристли - жоқ
8. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл ФТОР – жоқ
9. Ең ауыр металл - Осмий - иә
3 - сайыскер

  1. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды. ия
    2. Жануар жасушасында пластидтер кездеседі. ЖОҚ.
    3. Бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған. ия
    4. Қазақстанда 12 қорық бар – ЖОҚ.
  2. Картоптың отаны Қазақстан. – жоқ.
    7.Период заң бойынша элементердің қасеттері массасына тәуелді. – жоқ.
  3. Жасуша тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі. ия
    9. Брахнология мүктерді зерттейтін ғылым. жоқ

V сайыс. «Терминдер аукционы». (7 минут).

Оқушыларға уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады. 


  1. Микология
    2. Цитология
    3. Репликация
    4. Бриология
    5. Терология
    6. Гельминтология
    7. Гистология
    8. Урология
    9. Ихтиология
    10. Эмбриология
    11. Цитология
    12. Транскрипция

VI сайыс. «Үй жұмысы». (7 минут).

Химия пәніне жаранама көрсету. Өлең, саханлық көрсеткіш, презентация.
VII сайыс. Логикалық сұрақтар. (5 минут).

№1 Ол көп мөлшерде суды зарарсыздандыруға және ағартқыштар, дәрі – дәрмектер, еріткіштер алу үшін қолданылады. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы оны Германия тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған. Бұл қай зат? (Хлор)
№2.Жара болғанда кейбір адамдар оған қант салады. Не үшін және оңдай қасиеттерін сатысушылар қалай қолданады.

№3 Біздің эрамызға дейін IV ғасырда Александр Македонский  әскерлері Индияға басып кірді. Инд өзенінің жағасында әскерлер арасында  ауыр ішек ауру эпидемиясы басталды. Бір қызығы ауру ешбір әскер басшыларында байқалмады.  Жай әскерлердің  тамақ ішетін ыдысы  қалайыдан жасалған.


Көрумендерге жұмбақтар.

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)

2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)

4) Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)

1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)

2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)


  • Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды.(гелий)
    • Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром)
    • Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий, амерций) 
    •  Алып элемент (титан) 
    • Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов) 
    • Мыстың табиғи қосылысы (малахит) 
    • Сүт қанты (лактоза) 
    • Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин) 
  • Топырақты құнарландыратын негізгі элемент (азот)
    • Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

«Ең, ең ...» 1 минут
1. ең адам ағзасына қажетті зат – су
2. ең ауадағы көп зат – азот
3. адам онысыз тіршілік ете алмайды – ауа
4. ең табиғаттағы жеңіл зат – ауа
5. ең бірінші орналасқан элемент – сутегі
6. ең жеңіл металл – литий
7. ең ауыр металл – осмий 
8. ең тез балқитын металл – цезий 
9. ең қиын балқитын металл – вольфрам 
10. қанның құрамында кездесетін металл – темір
11. ең көп өнеркәсіпте қолданылатын металл – темір 

 

 

Қорытынды: әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептейді. Қай топтың жинаған ұпайлары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

 

Кештің қорытындысы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь