Аудан әкімі Жаңа жыл қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан көлеміндегі жаңа жылдық шырша жақты. Қаратерек орта мектебінен мерекеге Абаева Диляра мен Кабешов Құрмет қатысты. Қыстың сән – салтанаты ақ ұлпа қарды бейнелеген балалардың биімен шымылдығын ашқан шырша ажарын түрлі ертегілер кейіпкерлерінің бейнесін көрсеткен балғындар да аша түскендей. Жүздері қуанышқа толған бүлдіршіндер жаңа жыл кешінің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуін асыға күтті. Көп аялдамай Аяз Ата, Ақшақар да ортадан орын алып, мереке көрігін одан әрі қыздыра түсті. Балалар «жасыл шыршаны» айналып жаңа жылды жырлаған әсем әуезді әндерін әуелетті, би биледі. Барша балалар аяз атаға тақпақтарын оқып, әкімшілік дайындаған жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Жүздері бал-бұл жанған балақайларды шара соңында Аяз Ата, Ақшақармен суретке түсіп , естелік етіп жатты.«Қар ханшайымы» костюмін киген Диляра 1-орынға ие болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау