Тақырыбы: Отбасы-Отанның ошағы
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат», «отанға деген сүйіспеншілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-адамдардың бір-біріне деген мейірім –шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;
-отбасы жарастығы ,татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
-Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-Өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
-Отанның патриоты болуға тәрбиелеу,
Балалар,құрметті ата-аналар біздің бүгінгі танымдық сабағымыздың тақырыбы «Отбасы-Отанның ошағы» деп аталады.
Шаттық шеңбері:
Алтын сөз
Ұсақ болма ,ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы ,парқын сез,
Ата сөзі- алтын сөз.
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаныраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Әңгімелесу
Мәтінмен жұмыс
«Отбасы татулығы» аңыз әнгімені тыңдау.
Түйіндеме
Адамға өмірде ең қымбат – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық , татулық , бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялай, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Тақпақтар
2»Махаббат шуағы»
3».Жақсы сөз»
4.»Жақсы болу өзіңнен»
Мақал –мәтелдер
Ана бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
Қарызынан құтыла алмайсын.
Сегіту сәті: Ән шырқау кезеңі.
«Бала тілегі»
Бейнематериал:
Ауылымыздағы көп балалы Кабыкеновтар отбасы жайлы бейнематериал көру.
Дәйексөз
“Отан-отбасынан басталады” деген халық мақалын талдап өз ой-пікірлерін білдіру,тұжырымдама жасау.
Сахналау айдарымен 5-6 сынып оқушылары « Ата өсиеті »әңгімесін сахналайды.
Шығармашылық жұмыс
«Отбасы –Отанның ошағы»
Проект коллаж жасау
Ұлы Абайдың «Бес нәрсеге асық бол ,талап ,еңбек, терең ой, қанағат ,рақым.....» деген өсиеті қазіргі таңда да маңызды және өзекті болып табылады. Отбасындағы жарасым үшін мына құндылықтар мен ұғымдардың қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыздар:
«Махаббат», «Мейрімділік», «достық», «тыныштық», «қамқорлық», «ынтымақ», «татулық», т.б.ішінен өздеріңізге ұнағандарын таңдап «Бейбітшілік» үйіне орналастырыңыздар.
Жүректен-жүрекке
«Жақсы сөз-жарым ырыс » дейді халқымыз. Жақсы сөз естісен жаның жадырап сала береді.Шыныңда да ,жақсы сөз сенің жолсерігің, оның үйде де, түзде де, мектепте де,достарыңның арасында да тигізер пайдасы көп.
-Жақсы сөз отбасындағы күнделікті қуанышты да көректендіріп, жандандырып жібереді.Енді балалар өздерінің дайындаған қолөнерлеріне өз ата-аналарына жақсы тілектер жазып сыйлайды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау