Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі»

Мұғалімдерге арналған әдістемелік  семинардың жоспары

Мектеп: Мортық орта мектебі    Семинарды тыңдаушылардың саны:10 

Мерзімі : 03.12.15.      Мұғалім : Айтжанова А.Х.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі».

 

Мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін құндылықтармен байланыстыру.

Міндеттері:

1.  Ойы, сөзі, ісінің бірлігін сақтаған ұстаз болуларын қалыптастыру.

2.  Жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы білімді жандандыру     

3.  Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде барлық пәндерді жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу

Ресурстар:

(материалдары, көздері)

АКТ мүмкіндіктері,

презинтация, ватман, маркер, желім

Жоспар

1.     «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

2.     «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері

3.     «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын  басқа пәндермен интеграциялау.

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

 Қандай әсер алдыңыздар?

1.«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері. Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы.

Гераклит, Сократ.

Ізгілік психологиясның классиктері

З.Фрейд., К.Роджерс,  Ш.Амонашвили. 

Сананың құрылымы.

Сананы тазарту.

2.«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері

 Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) - «құндылық»

категориясын зерттейтін философия саласы.

 

   

 

 

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлер құндылықтар деп аталады

 

 

 

 


Жалпыадамзаттық құндылықтар. Сократ.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар

уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Ақиқат , Дұрыс әрекет , Ішкі тыныштық , Қиянат жасамау, Сүйіспеншілік . 

Тұлға құрылымы (Ағаш). Тереза ананың 10 өсиеті

Педагогикалық сүйіспеншілік. Януш Корчак. Махатма Ганди.

3.«Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын  басқа пәндермен интеграциялау.

«Өзін-өзі тану» пәнімен басқа пәндерді интеграциялау – мектептегі білімді жандандыру, оның рухани – адамгершілік болмысын жарыққа шығару, біртұтас білім беру, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыру, алуан-түрлі  құбылыстардың біртұтастығын көре білу.

Ізгілік педагогиканың манифесі.

-         Мұғалімнің заңдары

-         Мұғалімнің парыздары

-         Мұғалімнің жеке қасиеттері

-         Баланың сүеніштері

Ш.А.Амонашвилидің еңбектері

 Ізгілік педагогиканың қағидаттары. Педагогиканың үш типі

Мұғалімнің стилі. Ықпалдастыру түрлері

Білім берудің екі аспекті. Сыртқы білім, ішкі білім

Жанды білім. Интеграцияның мысалдары

Талдау

Шығармашылық  іс-әрекет. Топтық жұмыс.

Топтық жұмысты түсіндіру.

1.      Тереза ананың бір өсиетіне коллаж жасау.

1 топ: Сіз туралы кімнің не айтқаны маңызсыз мұның бәрін күлкімен қабылдап, өз ісіңізді жалғастырыңыз;

2 топ : Егер сіз табысқа жетсеңіз, сіздің көптеген жалған достарыңыз және нағыз жауларыңыз пайда болуы мүмкін –бәрібір табысқа жете беріңіз;

2.      Ықпалдастыруға 2 мысал келтіру

Тапсырманы орындау (10 минут), қорғау.

Топтық жұмысты қорытындылау

 

Топпен ән айту.

             «Ұстазым менің ұстазым»

 

Үйге  тапсырмасы

Ш.Амонашвилидің «Здравствуйте, дети» еңбегімен  танысу, оқу.

 

Жиналыстың қорытынды сәті

                  Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

                   Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

                   Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                   Азбайтұғын адамның алтындығы

 

 

 

 

Мұғалім :                              Айтжанова А.Х.

Мектеп директоры:             Кабдылуахитов А.А.

 

 

 

Қосымша 1

Семинардың барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер. Семинардың мақсаты - оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін құндылықтармен байланыстыру.

Жоспар:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері
  2. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері
  3. «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен интеграциялау.

        Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену .  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

     Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

  Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

  Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

  Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

  Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

  Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

- Қандай әсер алдыңыздар?

  1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы.

*Өмір -қарама қайшылықтан туындайды, сол арқылы өмір    танылады.   Гераклит.

*Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт. Сократ.

Ізгілік психологиясның классиктері

  *Сен өзіңе деген сенімді, күш пен жігерді, сырттан іздейсің, оны өзіңнен іздегенің дұрыс өзіңнің бойыңда бар. З.Фрейд.

  *Адамның ізгілігіне сенбейтін адамдарға,  ізгіліктің көрінісі де сирек кездеседі. К.Роджерс

  * Өзіңнің жүрегіңді ашу керек. Тағы бір міндет – мұқтаж адамды шабыттандыру. Оған сенім білдіру арқылы шабыттандыру.

Мұндай педагогика мүмкін, ол бар, және де ол жағдайларға тәуелді емес. Жағдайларды жасаушы мен болып табыламын. Мен қайда болсам, менің педагогикам – менің жүрегім, менің санам – сонда. Ш.Амонашвили.

       Өзін-өзі тану сабағы  - бұл оқушының ғана емес, ұстаздың да өзгеруі жүзеге асырылатын, бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі.Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі, сөзі және ойымен Нұрланады, өзінің шынайы рухани табиғатын ашады, шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады. Өзін- өзі тану сабағы оқушы мен мұғалімнің жүрегін ашуға мүмкіндік және рухына қорек береді.

Рухани адамгершілік білім беру бұл – ішкі білім беру. Ішкі білім беру ол – адамгершілік. Сыртқы білім – сыртқы өмірдегі жетістіктер. Жетістіктер келеді да кетеді. Адамгершілік келеді және ол ұлғайып, өсе бастайды.

Сананың құрылымы.

Философияның негізгі сұрағы : Алғашқы не – рух па, әлде сана ма?

Зигмунд Фрейд алғаш рет адам санасының құрылымын жүйеледі. Ол невроздарды зерттеп,санадан эмоцияларды табады да , оны түпкі сана деп атайды. Сезім, эмоция, темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де, сонда жинала береді.

Карл Густав Юнг сананың төмен деңгейінен басқа сананың жоғары деңгейі (жоғары сана) бар екенін зерделеді. Оның емдік қабилеті бар екенін, тіпті адамды ізгілендіріп, оның бойына шығармашылық қуат беретінін көрсетті. Сананың ішінде – білім беру, ойлау, түсіну үдерісі болады. Санаға 5 сезім мүшесі басты әсер етеді: оның ішінде екеуі – көру мен есту ақпарат алудың, білім беру үдерісінің  маңызды жолдары болып табылады.

СЫРТҚЫ ӘЛЕМНЕН АЛЫНҒАН АҚПАРАТ  5 СЕЗІМ МҮШЕСІ АРҚЫЛЫ ТҮПКІ САНАҒА (КЕЙДЕ САНАЛЫ ТҮРДЕ  КЕЙДЕ САНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕН ТЫС) КЕЛІП ТҮСЕДІ ДЕ, ОНДА ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ РЕҢГЕ ИЕ БОЛАДЫ. /презинтац қарау/

        Ашу-ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш және т.б.сияқты барлық эмоцияларымыз түпкі санада, үнемі біздің ішімізде болады екен. Оларды құртып жіберуге болмайды, олармен бірге өмір сүруге үйренуіміз керек.

Ақпаратты сезім мүшелері арқылы дұрыс қабылдау керек.

Сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды.

«Қара нүкте» мысалы.

Нені көріп тұрмыз? «Мен қара нүктені көріп тұрмын»-дейсіздер. Бұл жауап адамның ессіз және бақытсыз болуының себебін көрсетеді.

«Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Адамдардың бойында тек қана қара нүктені ғана көреміз. Ал жан-жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз.

СОНДЫҚТАН ДА БАРЛЫҒЫНАН ДА БАРЛЫҚ УАҚЫТТА ДА БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ДЕ ЖАҚСЫНЫ КӨРЕ БІЛУГЕ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК. Біз жамандықты көрсек, нәтижесінде жаман ой келеді, жаман болып шығамыз.

Қызыл көзілдірік кисек бізге барлығы қызыл болып көрінеді, бірақ барлығы қызыл емес, соған қарамастан біз оны қызыл етіп көреміз.

Терезе туралы аңыз. Аңыздан не ұқтыңыздар?

Эмоция ол жарық сияқты. Өміріміз әлемнің нұрымен, сүйіспеншілікпен, ақиқатпен, еш қиянатсыз жарқырау қажет. Ал  кей кезде жарық өшеді, сонда өзімізге бақылау жасауды доғарамыз. Ал эмоцияны тек тыныштық арқылы ғана жеңуге болады. Өз ақылымызды қадағалағанда ғана тыныштыққа қол жеткіземіз.

Сезіммен  бірге біз достасу керекпіз, онымен күреспейміз, олармен бейбіт өмір сүруге тырысу керек.

Қалай деп сұрайсыз??

Сананы тазарту.

 

  1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Жалпыадамзаттық құндылықтар - бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін шынымен маңызды сөзсіз қажетті қалаулы, өткінші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.с.с. Байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы бар құндылықтар.

Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді . Ізгілік тұрғысында қарастырды.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар

уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, біріңғай мән. Ол уақытқа : өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес. «Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше, Шындықтың уын ішіп,өлген артық. Шындық Ақиқатты түсіндіруші Біздің нақты болмысымыз-Шындық» Б. Момышұлы.  

Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез –қылық.

 Дұрыс әрекетке тән қасиеттер:

- Әдет.

- Қанағат.

 - Ынтымақтастық.

- Тәртіп.

- Парыз бен ризашылық

 - Дұрыс ой.

- Дұрыс сөз. «Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз»

Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын қуат. Сүйіспеншілік энергиясының беруші жолдары: -Сөзбен; (Қандай әдемісің?)

- Көзқараспен; (күлімсіреу, жымию)

- Жанасумен; (амандасу, басынан сипау)

 - Іспен; (ауырғанда көмектесу)

 - Оймен. (нұр жіберу)

«Өсиет: жақыныңды сүй –бұл үйлесім, кеңістік, еркіндік. Айналаңа қара- күлімсіре!”

Егер кімде –кім үйлесімді жан болғысы келсе, сүюді үйренсін, егер кімде –кім балалардағы үйлесімді тәрбиелегісі келсе, оларды сүюге үйретсі» Ш.Амонашвили

Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. . Ішкі тыныштықты сақтауға көмектесетін даналық інжулерінен: -Бәрі өтті, бұл да өтеді. - Барлық болып жатқандардың бәрі, жақсылыққа қарай бастайды. - Бүкіл әлем бұл – айна.

Қиянат жасамау –ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау. 

Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу; Барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну; Бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдықты дамыту; Қоршаған ортаға қамқорлық жасау; «Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді» Ш. Құдайбердіұлы

   Білім беру үдерісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның ізгілікті сапасын қалыптастыруға ықпал етіп, адамның рухани кемелденуіне бастайтыны айқын.

Білім беру мазмұнының негізіне, оның өзегі болып табылатын мәңгілік абсолют рухани-адамгершілік құндылықтар алынуы тиіс.

Тұлға құрылымы (Ағаш)

Адам ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін ойы,сөзі, ісі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс.

Қиянат жасамау- рухани деңгей

Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция)

Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (менталды , ақыл-ой, сөз)

Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім)

Дұрыс әрекет – физикалық деңгей (тәндік)

Тереза ананың 10 өсиеті:

  1. Адамдар жөнсіз, қисынсыз және өзімшіл болады-кешіре көріңіз;
  2. Егер сіз мейірімділік танытсаңыз, ал адамдар болса құпия жеке пиғылдан деп кінәласа –бәрібір мейірімді болыңыз;
  3. Егер сіз табысқа жетсеңіз, сіздің көптеген жалған достарыңыз және нағыз жауларыңыз пайда болуы мүмкін –бәрібір табысқа жете беріңіз;
  4. Егер сіз адал және ашық болсаңыз, адамдар сізді алдайтын болады –бәрібір адал және ашық болыңыз;
  5. Жылдар бойы құрастырғаныңыз, бір сәтте құрып кетуі мүмкін –бәрібір құрастыруды жалғастырыңыз;
  6. Егер сіз мұңсыз бақытқа бөленсеңіз онда басқа адамдарда көре алмаушылық туындайды –бәрібір бақытты болыңыз;
  7. Адамдар бүгін жасаған игі ісіңізді ертең ұмытып кетеді –бәрібір игі іс жасауды жалғастырыңыз;
  8. Сіз туралы кімнің не айтқаны маңызсыз –мұның бәрін күлкімен қабылдап, өз ісіңізді жалғастырыңыз;
  9. Бірге ғибадат қылып, ынтымақта болыңыз;
  10. Адамдармен барыңыздың ең жақсысымен бөлісіңіз, бұл оларға ешқашан жеткілікті болмайды –бәрібір ең жақсысымен бөлісуді жалғастырыңыз.

Педагогикалық сүйіспеншілік. Януш Корчак

...Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады.

Ағымдағы сағат пен бүгінгі күнді қадірлеңдер!.. Әрбір жеке минутты қадірлеңдер, болмаса ол жоқ болады және ешуақытта қайталанбайды...

... Пәк, таза, бейкүнә, киелі балалықты қадірлеңдер!

1934 жылы Корчак бала тәрбиесіне арнап 5 қағида жазған:

  1. Әр баланы сүю;
  2. Баланы бақылау;
  3. Балаға қысым көрсетпеу;
  4. Өзіңе де, балаға да әділ бол;
  5. Өзіңді таны.

Махатма Ганди.

  • Мен өзімді құрбан ететін көп нәрселер бар, бір-ақ мен құрбандыққа шалатындай ешнәрсе жоқ.
  • Мен өмірдің апаттар қоршауында өтетінін түсіндім, тиісінше қирау заңдылығыннан да жоғары заң болуы қажет. Тек осындай заң болғанда ғана қоғам дұрыс және орынды құрылады, сондықтан да өмір сүруге тұрады. Егер ол – өмір заңы болса, біз күнделікті өмірде осы заңды ұстануымыз қажет. Қандай ұрыс-керіс, қарсылық жанжал болмасын, қандай қарсылас кездессе де, оны сүйіспеншілікпен жеңіңдер...
  • Риясыз сүйіспеншілік қайтарымына не аларын ойланбастан-ақ, басқалардың керегін бере алады.
  • Қиянат жасамау - күштілердің қаруы.

Қиянат жасамау – тек рухы күшті адамдардың қолынан келді

  1. «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен интеграциялау.

«Өзін-өзі тану» пәнімен басқа пәндерді интеграциялау – мектептегі білімді жандандыру, оның рухани – адамгершілік болмысын жарыққа шығару, біртұтас білім беру, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыру, алуан-түрлі  құбылыстардың біртұтастығын көре білу.

Ізгілік педагогиканың манифесі.

  • Мұғалімнің заңдары
  • Мұғалімнің парыздары
  • Мұғалімнің жеке қасиеттері
  • Баланың сүеніштері

Ш.А.Амонашвилидің еңбектері

«Спешите дети, будем учиться летать!», «Без сердца что поймем?», «Улыбка моя, где ты?», «Как любить детей», «Единство цели», «Баллада о воспитании», «Исповедь отца сыну», «Здравствуйте, Дети!», «Как живете,Дети?» және т.б..

 Ізгілік педагогиканың қағидаттары

Мұғалімнің заңдары:

баланы сүю;

баланы түсіне білу;

баланы шабыттандыра білу.

Мұғалімнің парыздары:

баланың бойындағы шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім;

өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға деген сенім;

тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім..

 Мұғалімнің жеке қасиеттері:

мейірімділік,

ашықтық және шынайылық,

адалдық.

Баланың сүйеніштері:

дамуға,

есеюге, 

еркіндікке ұмтылыс.                                                  

Педагогиканың үш типі /Батишев/

  1. Қалыптастыру педагогикасы
  2. Қабілеттерін дамыту педагогикасы
  3. Кемелдендіру педагогикасы - ізгілік педагогикасы деп аталады.

Кемелдендіру педагогикасының мақсаты- адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

Мұғалімнің стилі

  • Авторитарлық(өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.
  • Либералдықпедагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.
  • Гуманистік(ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді

Ықпалдастыру түрлері

  • Сыртқы ықпалдастыру. Басқа пәндерде өзін-өзі тану әдістемелік тәсілдерін қолдану (тыныштық сәті, топпен ән айту)
  • Ішкі ықпалдастыру

Адам мен әлемнің біртұтастығына негізделген адамның тек қана биологиялық, әлеуметтік табиғатына ғана емес, сонымен бірге жоғары рухани табиғатын ескеруге бағытталады.

Білім берудің екі аспекті

       Интеллектуалды                                     Рухани-адамгершілік                         
(сыртқы білім, ақыл үшін)                           (ішкі білім, жүрек үшін)

Сыртқы білім

  1. Сыртқы, интеллектуалды
  2. Сыртқы дүниені зерттейді
  3. Кітаби білім (жеке тәжірибесіз тануға болады)
  4. Қалауларды оятады, сырттағыға тартады
  5. Дүниеде күн көру үшін қажет
  6. Интеллектіні дамытады
  7. Ақыл мен тәнгеқарасты
  8. Сыртқы білімнің мақсаты – ақпарат беру
  9. Аллергия пайда болады.

Ішкі білім

  1. Ішкі, рухани- адамгершілікті
  2. Ішкі дүниені зерттейді
  3. Практикалық білім (тек жеке тәжірибе арқылы пайда болады)
  4. Әрбір адамның жүрегінде жасырынған  жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды
  5. Өмірлік мақсаттармен байланысты (не үшін өмір сүру керек)
  6. Интуицияны дамытады
  7. Жүрекке қарасты
  8. Ішкі білімнің мақсаты – трансформация (сананы ояту)
  9. Энергия (күш –қуат береді)

 

Жанды білім

Жанды білім мыналар:

Адамды рухтандырады;

Ғылым көкжиегіне еліктіреді;

Жаңа өмір жасауға ықпал етеді;

Жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді.

Сергектік пен эволюция әкеледі;

Жанды білім -  қанат.

Интеграцияның мысалдары

Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс

  1. Тереза ананың бір өсиетіне коллаж жасау.

1 топ: Сіз туралы кімнің не айтқаны маңызсыз мұның бәрін күлкімен қабылдап, өз ісіңізді жалғастырыңыз;

2 топ : Егер сіз табысқа жетсеңіз, сіздің көптеген жалған достарыңыз және нағыз жауларыңыз пайда болуы мүмкін –бәрібір табысқа жете беріңіз;

  1. Ықпалдастыруға 2 мысал келтіру

Топпен ән айту

Ұстазым, менің ұстазым(с. А.Шамкенов, ә. Ә.Еспаев)

 

1.Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде, әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

 

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.

 

2.Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Өмірден сыбағасыз өтередім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

 

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.

 

3.Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім.

 

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.

 

Үйге тапсырма. Ш.Амонашвилидің  «Здравствуйте, дети» еңбегімен  танысу, оқу

Сауалнаманы толтыру

 

Семинардың  қорытынды сәті

«Еркін микрофон» әдісі

  1. Бүгінгі отырыстан қандай ой түйдіңіз?
  2. Өздеріңізге керек мәліметтер алдыңыз ба?
  3. Өзін-өзі тану пәні өзекті пән екеніне көзіңіз жетті ме?
  4. Өз сабақтарыңызда интеграцияны қолданасыздар ма?

 

Мен сіздерге семинардың соңында бір тосын сый дайындадым. (әдемі шкатулкада мұғалімдерге арналған жылы сөздерді таратып берем).

 
 

            

             Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

                   Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

                   Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                   Азбайтұғын адамның алтындығы –

 

 

 

 

 

 

 


       Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік.  Сондықтан әрбір мұғалім «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қолдап,  білімді жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы жандандыру керек.  Осымен семинарымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь