«Ана» - деп жазам сөз басына!
Мақсаты:
Оқушыларды ананы суюге, қадірлеуге және мейірімді қайырымды ізгі жүректі ананың еңбегін бағалай білуге баулу;
Ана жайлы құттықтау сөздер, өлеңдер, әндер, билер арқылы аналар мен әжелерді және қыздарды құттықтау;
Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру ;Ана еңбегін қадірлей билуге үйрету.Анасын апкесін әжесін қарындастарын сыйлауға адамгершілік қасиеттерін үйрету;
Көрнекілік: Гүлдер шарлар құттықтау сөздер.
(Музыка ырғағы ойнап тұрады.Осы кезде ортаға биші қыздар шығып әсем бір би орындайды. Жүргізушілер сахна сыртында болады)
«Джентерменьдер биі». «Еркетай» шағын орталығы .
Ортаға би-билеп екі жүргізуші шығады.
Ризабек: Тоқта,Айдар.Қызып кеттің ,ғой. Бүгін бізде мейрам,осы кешті жүргізу бақыты бізге тиіпті.Сондықтан мерекелік концертімізді бастайық та, кешкесін бидің көкесін көрсетеміз. Жақсы ма, Айдар.
Айдар: Иә,келісемін. Бірақ осылай сәніміз келмес, ортаға сұлу да сымбатты Назымды шақырайық.
Ризабек: Назым бізге бұл кешті жүргізуге көмектесуге келіпті.
Назым: Босқа дауласпаңдар жігіттер, қонақтарымыз бізді күтіп қалды. Кешті бастауға рұқсат сұрап. Той пердесін ашайық.
Айдар: Құрметті қонақтар Аяулы аналар, ардақты әжелер мен арулар ұлағатты ұстаздар! Сіздерді 8- наурыз –Халықаралық әйелдер күні жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі және біздің ару қыздарымыздың мерекесі, ана–тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, балалардың бақыты болған аналарымыз қоғамымыздың түрлі саласында еңбек етіп жүрген аналарымызды Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Құттықтаймыз!!!
Назым: Ендеше Оқушыларымыздың сіздерге дайындаған "ана деп жазам сөз басына..." атты мерекелік кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Ризабек: Уа, аналар, аналар.
Көктем келді жайнаған.
Бау-бақшада бүгін той.
Қош келдіңіздер аналар.
Раушан гүлдей жайнаңдар.
Гүлдей жайнап жұріңдер.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекелеріңізбен аналар
Назым: Ана - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда
болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Айдар: Бұл мерекелік кештің құттықтау сөзі Мектебіміздің директоры, аяулы ана, ардақты әже, жүрегі махаббатқа толы Кусаинова К.Ж беріледі.
Ризабек: Ал енді кезекті мектеп оқушыларының дайындаған көрінісіне берсек қалай қарайсың ,Айдар.
Айдар: Жақсы,ортаға жоғары сынып оқушыларын «Аналарға мың алғыс!» көрінісімен шақырайық.Қошаметтеп отырайық.
Назым: Жігіттер,менің кітап оқуды ұнататынымды білесіңдер ғой. Бүгінгі мерекеміз жайлы қызықты мәліметтер оқыдым. Сонымен Бүгінгі «Аналар мерекесінің» негізі – 1857 жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің негізінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де ерлермен бірдей жалақы беруді талап еткен…Осы күннен бастап бұл мереке кеңінен аталып өтуде.
Ризабек: Жақсы ақпарат екен.
Азамат қуат алар алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусар – бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы балдырған жар салады.
Кезекті бастауыш сынып оқушыларының дайындаған әдеби монтажына берейік.
Назым: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!
Айдар:
-Назым, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
Назым: :
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
Айдар:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
Ризабек:
-олай болса,ортамызға 5-6 сынып оқушыларының орындауында тамаша әсем әнін қабыл алыңыздар.
Назым: Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Олай болса, ортаға 2сынып оқушыларын «Менің анам-алтын » әнімен құрметтеп сахна төріне шақырайық.
Ризабек: Қандай өнерлі жандар! Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым
Би билеп ән салып бер енді, -дей келе, кезекті «Еркетай » шағын орталығының балдырғандарына берейік!
Айдар: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,- деп Мектепалды оқушыларын өз өнерлерін көрсетуге ортаға шақырамыз.
Ризабек: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй. Демекші 3-4 сынып оқушыларының орындауында «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Айдар:Бүгін - Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз -
Адамның,
Анаға айтар лебізі.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан.
Аналардың жүрегі.
Алдарыңызға 5-6 сыныпты өз өнерлерін көрсету үшін ортаға шақырайық. БИ
Айдар: Назым,біздің сыныптасымыз Айтуғанды білесің ғой! Айтуған өз анасына арнау жазыпты. Сол жүректен шыққан сөздерің оқып берсе қалай қарайсың?
Назым: Тыңдасақ тыңдайық.
Айдар: Ризабек мұғаліміміз қайда кеткен. Көрінбейді.
Назым: Терезе жаққа назар аударшы. Сол жаққа бір нәрсе жазып жатқан сыңайлы.
Екеуі:Мұғалім, қайдасыз?
Ризабек: Айтуғанның арнауын тыңдап өзімнің де шабытым оянып кетті, ару қыздарға арнап өлең жолдарын ұсынайын.
Назым: Жақсы екен. Бұл мереке тек аналардыкы ғана емес,ару қыздарды ғой. Ендеше, Ризабек Еркінұлының «Гүл Мүсін» туындысын тыңдай
Жоғарғы сынып оқушыларының орындауында «Қыз қуу» көрінісін тамашалайық.
Ризабек: - Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) – ға сахабалары келіп
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге деген
енде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға, - деді төртінші кімге дегенді:
-Әкеңе, - деді .
Айдар: Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт - дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Сөзімнің дәйегі ретінде мұғалімдер ұжымы көрініс көрсетпек.Әрқашан да аналар беделі биік болсын! - дей отыра мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау