Етістіктің жіктелуі
Етістіктің жіктелуі
Рахметжанова Анар Амангельдиновна
Әуезов орта мектебі,
Қулыкөл ауылы, Уалиханов ауданы,СҚО
Мақсаты: 1. Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атала-
тынын түсіндіру.
2. Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуді жаттығу, дағдыландыру тапсырма-
лары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Топпен жұмыс жасай білуге, бірлікке, ұйымшылдыққа, достыққа, бір-бірін тың тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд суреттері,тірексызба, сыйлықтар, қоржын.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, жеке жұмыс, «Миға шабуыл»,
өздерін-өзі бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Психологиялық сәт.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз - еңбек ету.
Еңбек етіп жұмыла,
Беске қолды жеткізу.
-Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше. Өйткені бізге бүгін қонақ келіп отыр.
Қазақ халқын біз білеміз, қонақжай халық. Ол бізге жай келіп отырған жоқ, өзінің сыйлықтары және шашуы бар көрінеді.Ол қонағымыз төрт түліктің ерекше бір түрі –Түйе. Сонау жақтан әкелген шашуынан алайық. (Әр оқушы бір- бірден конфет алады). Әртүрлі алынған конфет бойынша топқа бөліп отырғызу.
III. Үй тапсырмасын тексеру. 112 беттегі 5-жаттығу. Етістіктерді көшіріп жаз және сөз құрамына талда.
Етістік туралы білімдерімізді «Миға шабуыл» әдісі бойынша еске түсірейік.Слайд №1
1. Етістік дегеніміз не?
2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара және күрделі)
4.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (негізгі және туынды)
5.Негізгі етістік дегеніміз не? (түбір сөзден) мысал.
6.Туынды етістік дегеніміз не? (түбір сөзге жұрнақ жалғану) мысал.
7.Етістік мағынасы жағынан іс –әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай нешеге бөлінеді?
2-ге (Болымды және болымсыз). Балық сызбасын толтыру.
Қорытындылап, бағалау.
IV.Жаңа тақырып. Етістіктің жіктелуі
Ребус шешу арқылы тақырыпты табу. Слайд №2
Жақ |
Жекеше |
Көпше |
I |
Мен отырмын. Мен келдім. |
Біз отырмыз. Біз келдік. |
II |
Сен отырдың. Сен келдің. Сіз отырсыз. Сіз келдіңіз. |
Сендер отырсыңдар. Сендер келдіңдер. Сіздер отырсыздар. Сіздер келдіңіздер. |
III |
Ол отыр. Ол келді. |
Олар отыр. Олар келді. |
I- топ
Қарамен белгіленген қосымшалардың қай сөз табынан тұратын сөзге жалғанғанын анықта
II-топ
Сөйлем мүшелеріне талдату. (бастауышы мен баяндауышын тапқызу)
III-топ
Етістіктің жекеше жіктік жалғау
IV-топ
Етістіктің көптік жіктік жалғаулары
Оқушы жауаптары тыңдалғаннан кейін , мұғалім өзі толықтырады. Слайд №3
- етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз;
- жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырады:
- баяндауыш қызметінде келеді;
- жекеше, көпше түрде жіктеледі.
- III жақта жіктік жалғауы болмайды.
V. Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдердегі дара етістіктерді бір сызықпен, күрделі етістіктерді екі сызықпен сыз
I- топ. Сызбамен жұмыс (сәйкестендіру) Слайд №4
1. Мен кітап .... шығарып салдыңдар
2.Сендер аналарыңды.... оқып отырмын
3.Сен тақта алдында .... отырсыз
4. Сіз автобуста .... сөйлеп тұрсың
5.Сіздер қаладан .... айтып тұрмыз
6. Біз ән .... келдіңіздер
II- топ. 3-жаттығу. Өлеңді оқы. Жіктік жалғаулы етістіктерді тап. Осы сөздерді үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.
Әжем туған ауылға,
Әкем туған ауылға
Тұңғыш келе жатырмын.
Туыстарды мұндағы
Көрген жоқпын туғалы,
Тұңғыш келе жатырмын.
Қандай ауыл адамда,
Нендей қызық бар мұнда?
Тұңғыш келе жатырмын. Е. Ерботин.
Жекеше Көпше
I жақ Мен келе жатырмын. Біз келе жатырмыз.
II жақ Сен келе жатырсың. Сендер келе жатырсыңдар.
Сіз келе жатырсыз. Сіздер келе жатырсыздар.
III жақ Ол келе жатыр. Олар келе жатыр.
VI. Сергіту сәті
III-топ. 4- жаттығу. Мақалды жаз.
Жақсы алдында жазыласың,
Жаман алдында тарыласың.
Етістіктерді тауып, үш жақта жіктеп жаз. Мақалдың мағынасын түсіндір.
4-топ. 5-жаттығу.Жіктік жалғаулы етістіктердің астын сыз.
Жүрегім, жырым сенікі,
Келісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам – анам, мен – балаң.
І. Жансүгіров.
Етістіктердің қай жақта жіктеліп тұрғанын айт. Өлеңнен тәуелдік жалғауы жалғанған зат есімдерді тап.
Слайд №5
VII. 6-жаттығу. Төмендегі шартты белгілерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырып жаз.
- -мен - біз
-сен - сендер
0------- - сіз -сіздер
- Ол -ол - олар
-не істеді? (Не істеймін?)
1.
Інімнің сабағына .
2. домбырамен күй .
3. ауланы .
4 арықты .
«Балдырған» журналындағы әңгімені .
5.
1. Мен інімнің сабағына көмектесемін. 2. Сен домбырамен күй тарттың. 3. Сіздер ауланы
сыпырасыздар. 4. Олар арықты тазалады. 5.Біз «Балдырған» журналындағы әңгімені оқыдық.
VIII. Сурет бойынша етістіктерді тауып, жіктеп жазу. Слайд №6
IX. Қорытындылап. Бағалау
Оқушының аты |
Үй жұмысы |
Сызбаны толтыру |
Кесте бойынша талдау |
Дәптермен Жұмыс |
Топпен жұмыс |
Шартты белгімен сөйлем құрастыру |
Сурет бойынша етістікті тауып жіктеу |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
X. Үйде.114 бет. Мысал келтіріп, жіктеп жазу
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер