Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Ғарыш қыраны

Ғарыш қыраны.
Рахметжанова Анар Амангельдиновна
Әуезов орта мектебі Қулыкөл ауылы
Уалиханов ауданы СҚО

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі ойды таба білуге үйрену.
Көрнекілігі: Постер, маркер, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: Психологиялық ахуал.
I. Шаттық шеңберін құру.
Аптаның қай күні екені сұралып, сол күнге сипаттама беру. Мысалы: Оқушылар бүгін қандай күн?
Жұма – қасиетті күн, жұма күнгі тілектер қабыл болады.т. с.с. Сондықтан бір- бірімізге жақсы тілектер тілейік.
Осы ізгі тілектердің бәріне қарасақ, кім- кімге болса да тілегімізде – өрлеу, самғау, биіктен көріну, шыңға шыға бер, талабың биіктей берсін, т,с.с. ұсыныс білдіріп жатамыз. Осының себебі неде екен?
Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар.
Төрге шығу дегеннің өзі қадірлі, қастерлі, сыйлы деген мағынаны білдіреді.
Оқушыларды өздері таңдап геометриялық фигуралардың түстеріне және атауларына қарай топтарға бөліну:
1- топ: Қызыл түс – «Шыңға шығу»
2 – Көгілдір түс – «Ғарышқа самғау»
3 – Сары түс – «Биік талап»
4 – Жасыл түс – «Аспанда қалықтау»
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1- топ. «Шынжырлы көпір» туралы не білесің?
2- топ. Кемшілікті тапқан бала туралы сендердің ойларың.
3- топ. «Арыстан» - деген сөзді естігенде, ойыңа не келеді?
4- топ. «Менің көпірім» атты әдемі көпір жобасын жасап көріңдер.
IV. Коллаж жасау. / сұрақ- жауап/
V. Мағынаны тану.
Неліктен сабақтың тақырыбы ғарыш әлемімен сай келгенін түсіндіріп өту. Автор туралы мәлімет беру. Слайд №1
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. 1956 жылы Қазақ мемелекеттік университетін бітірген. Балаларға арнап «етекбай атам үйінде», «Құралай», «арман мен Бота», т.б кітаптарын шығарған. Талай жыл «Балдырған» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.
VI. Оқулықпен жұмыс.
1. Тізбектей оқу.
2. Мәнерлеп оқу.
VII. «Микрофон» әдісі./ сұрақ – жауап/
- Ғарыш әлеміне ұшу неліктен қол жетпес арман болған деп есептейсің?
- Адам баласы биікке неге сонша құмартты?
- Ғарыш әлеміне алғашқы сапар туралы не білесің?
- Қажет дерек Слайд№2
Байқоңыр – ғаламдық маңызы бар ғарыш айлағы, ғылыми- техникалық орталық. Ол Қызылорда облысындағы Төретам стансасынан 20 шақырым жерде орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін елдің қорғаныс қабілетін жетілдіру мақсатымен 1951 жылы қауырт басталған алып кешен құрлысы небәрі 2 жылдай уақытта аяқталды. Байқоңырда 200-ге жуық әскери алаңдар, құрастырылып жүйелері, әскери бөлімдері бар. Кешеннің асты – бірнеше шақырымға созылып жатқан, тереңдігі төрт қабатты үймен тең қалашық. Онда электр стансасы, теміржол, жылу беру жүйелері, ғарыштық- техникалық орталықтар, оттегі- азот заводы орналасқан.
1957 жылдың 4-ші қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашылып, Ай, Марс, Шолпанды зерттеу басталды.
1961 жылдың 12-ші сәуірі әлемдік тарихта мәңгіге жазылып қалды. Адамзаттың асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді. 1991 жылдың 2-ші қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері ТоқтарӘубәкіров ғарышқа көтерілді.
1991жылдың 31тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып жарияланды. 1994жылдың наурызында кешен Ресейге 20жылға беріліп, 2005 жылдың қаңтарында Байқоңырдың ресейге жалға берілу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.
Бүкіл әлем өркениетке, жаһандануға ұмтылып жатқанда, ғарыш сапарлары жалғаса береді. Байқоңыр жұмыс істеп тұрғанда, қазақ жеріне зардабы да жалғасады. Қарағанды облысында Байқоңырдан ұшқан зымырантастағыштардың бірінші сатысы құлайтын 39 алқап бар. Олардың отыны ретінде самин, меланж, гептил тәрізді өте улы қышқылдар пайдаланылады. Әсіресе гептил өте зиянды, ол –ауада тез тарап, топыраққа, тірі ағзаларға сіңгенде уын жоғалтпайтын бірінші дәрежелі улы қышқыл. Бір грамының өзі мыңдаған адамдарды уландырады. Зымырандардың бір ғана ұшу сапары қанша зиян келтіреді десеңізші...
Байқоңыр туралы мынадай аңыз бар:
«Әйгілі Бәйдібек бидің сары бәйбішеден – ұлы, Қоңыр атты жалғыз қызы болған. Қоңырдың еншісіне берілген жылқы мыңғыра өсіп, Сыр бойына сыймай, қырға шығып жайылады екен. Үйір-үйіржылқының иесін сұраған адамға «Қоңырдың жылқысы » деп, ақыры сол өңір Қоңыр ананың құрметіне «Байқоңыр» аталып кеткен» аңыз бар. VIII. Дәптермен жұмыс.
Байқоңыр - ғаламдық маңызы бар ғарыш айлағының пайдасы мен зияны.
Пайдасы Зияны


Ойтолғау.
Қызығушылық ояту сатысында орындаған «Топтастыру» жұмысымызға қайта оралу.
- Қалай ойлайсыңдар, жасаған жұмысымызда ескерілмей қалып қойған мәліметтер бар ма екен? (Қалып қойса, толықтырайық )
- Қалай ойлайсыңдар, ғарышқа ұщқан ғарышкер мен ғарышқа ұшқысы келетіндер арасында айырмашылық бар ма және қандай ұқсастық бар екен?
Осыны «Венн» диаграммасына салып, салыстырып көрелік.
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма. Оқулықта берілген тапсырма бойынша: «Сен өңіңде немесе түсіңде ұшып көрдің бе? Сол туралы қызықты әңгіме жаз. Немесе ғарышкерге арналған өз қиялыңдағы ғарыш кемесінің суретін сал».

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь