Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Мен Қазақстанның азаматымын" ашық сабақ

      24 қарашада 9 – сынып оқушыларымен «Мен Қазақстанның азаматымын» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақ  «Мен кіммін?» деген ой қозғау  тренингімен басталды. Оқушылар: адаммын, жеке тұлғамын, болашақ маман иесімін, азаматпын, оқушымын т.б. жауап берген соң, АЗАМАТ сөзінің мағынасына мән берілді. Оның тамыры тереңде. Ол – тарихың, тілің, дінің,  ділің, рухың... дей келе, еліміздің рәміздерімен байланыстырып қорытындыланды.

        Адам туа салысымен азамат болмайды, ол тәрбиемен, біліммен, қоршаған орта әсерімен азамат болып қалыптасады. «Азамат» – ұлы сөз.  Азамат болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? – деген сауалға оқушылар  өз ойларын білдірді. «Ақын болу, болмау өз қолыңда, ал азамат болу – міндетің»; «Ізгілікке ұмтылу адам жаратылысының өзінде бар нәрсе»;  «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» - деген  даналардың айтқан сөздерінің мағыналары ашылды. 

      Адам өмірі бір – бірімен тығыз байланысты КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ   кезеңдерінен тұрады. Ал азамат болу ажырамас 3 жолдан құралады.  Олар: ОЙЛАНУ –  ең ізгі жол; ЕЛІКТЕУ – ең жеңіл жол; ТӘЖІРИБЕ ЖОЛЫ – ең ауыр жол.

        Сабақ  Ә. Кекілбаевтың  «Адами қасиет – сөз бен істің үйлесімдігі» және Н.Ә. Назарбаевтың

«Мемлекет құрып, оны нығайту, қалалар салу, керуен жолдарын тарту, ғылыми трактаттар жазу, төл мәдениетін қалыптастыру – бәрі, бәрі де жасампаздыққа жатады» сөздерімен тиянақталып,  кері байланыспен қорытындыланды.
                                     Кішкенекөл қазақ мектеп – гимназиясының                               тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі – Жумажанова З.А.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь