Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Қазақстан менің Отаным

Менің білім берудегі мақсатым:  ағылшын тілі халықаралық тіл, оны білу міндет екенін оқушылардың санасына жаңа технологияларды қолдана отырып сіңдіру. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың ойлау, жазу, оқу, ауыз екі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту.

            Сабағымда жиі «АКТ», «Диалогтік оқыту», «Сыни тұрғысынан ойлау», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдердегі  әдіс - тәсілдерді пайдаланамын. Сыныпта топпен, жұппен жұмыс істеймін.

«Сабақ барысында 20% -мұғалім, 80%-оқушы жұмыс істеу керек», шығыс ғұламасының «Айтып берсең ұмытып қалармын, көрсетсең мүмкін есте сақтармын, ал өзіме істетсең – мәңгі есте сақтармын»  деген өмірлік ұстанымымым бар. Сонымен қатар ашық сабағымның тақырыбы: «Қазақстан менің Отаным»

Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы жан-жақты мәліметтерді ала отыра, оқушыларды білімдерін кеңейту.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Қазақша,ағылшынша сөйлеуге бейімдеу.Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту,қорытынды жасауға үйрету. Патриоттық сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілігі. Шет мемлекетіне барған жағдайда  өз елін таныстыра білуі.

 «Топқа бөлу» -әдісі . (Оқушылармен асханаға бару арқылы  2 топқа бөлінді. Яғни

(жүреміз екі адамдықты орын көріп тұрмын екі адам тұру керек яғни  ол бізге жарамайды деп солай жалғасады, алты адамдық болғанда дәл осы қалыпта топ болып отыру керек).  Сонымен қатар 8 – сынып оқушылары Британия  елінен келген қонақтарды қарсы алдық.

                      

Ой ашар жаттығуы: Phonetic drill:

«I’m alive» әнімен сабағымды бастадым.Сабағымыздың тапсырмаларын орындауды бастамас бұрын бағалаушыны сайлап алдық. Кімнің партасының астында стикер тұр, яғни сол оқушы сол топтың бағалаушысы болды. Оның міндеті  бәйтеректегі бағаларды алып, тобының мүшелерін әр тапсырма сайын бағалап отырды. Бірінші тапсырма үшін бірінші жолақтағы бағалардың ішінен өзіне қажетті бағаларды алады да, топ мүшелерінің алдына жеке-жеке қойып отырды. Екінші тапсырма үшін бағаларды екінші жолақтан алады. Осындай үлгіде бағалау жалғастырылады. Сабағымыздың соңында бағалаушы әр оқушының ұпай сандарын қосады да, алдында тұрған бағалау парағын толтырады.

                          

Үй жұмысын тексеру кезеңде. Оқушылардын дайындаған слайды тамашаладық

және топ башыларыдың бағалауын өтіндім.

                     
және «Ханталапай» ойыны арқылы үй жұмысын тексердім. Қоржынның ішінен “Тірек сөздерді” алып сөйлем құрастыру болды. Құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Оқушылардың сөздік қоры, ауызекі сөйлеуі дамиды.

                       

Аквариумнан сұрақтар алып жауап беру болды. Осыған байланысты міндеттер белгіледі. Сыни түсінік сыни әрекетке әкеледі Бұл жерде сұрақ- жауап арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады, яғни олардың қызығушылығын арттырады.

                          

Содан соң ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданудың  бейнефильм көру әдісін пайдаландым. Қорытындылай келе, өмірден алынған  жайлы видео роликті көрсеттім. Көзбен көріп, құлақпен естігесін бір ой түйгендей болды. Келесі тапсырма көрген бейнефильм арқылы калаж жасаттым.

                      
формативті бағалауы сабақта тиімді болды. Бағалау критерийлері болғандықтан, оларды топ басшылары  әділ бағалады.
Үй тапсырмасына алған мәліметтерді пайдалана отырып, тақырыпқа байланысты эссе жазуға бердім.

Сабағыма қорытынды жасап кетсем, әрқайсысының жанына барып, жақсы оқитын оқушыларды мадақтап, олардың арасындағы қарым- қатынасты жақсартуға тырыстым. Егер де сабақты бағыт, бағдар беріп оқытса, оқушылар өз беттерімен ізденіп, шығармашылық үстінде болады, олар бірлесіп жұмыс істеп, жаңа әдіс- тәсілдерді қолданған кезде танымдық ойлау қабілеттері арта түседі, олар енжар болмай, сабақ кезеңінде іс- қимылда болады, оқу материалын жақсы түсінеді, яғни бала өзіне қажетті мағлұматтарды түсініп, меңгереді. Сабағымның нәтижесін оқушылардың бойынан көре аламын, олай дейтінім, оқушылар оқу үрдісін басқарып қана қоймай, ұжымдық іс-әрекетте білім алуы қарым- қатынас құралына айналады, олардың ізденуінен білім деңгейін көруге болады.  Ең біріншіден оқушылардың ұйымшылдығын, үлгерімі жақсы оқушылар мен төмен оқитын оқушылардың қарым- қатынастарын нығайтар едім,бірлесе жұмыс істеудің әдіс- тәсілдерін меңгертіп, ынтымақтастықта, бірін- бірі оқытуда сынамай, керісінше  қолдап, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,  оқушының өзіне деген сенімін тудырар едім.

Егер де алдыңғы сабақтарымды бүгін берген сабағыммен салыстырсам көптеген өзгерістер мен айырмашылықтарды байқадым. Олар әдетінше сабақ бойы бір орында отырып, жұмыс істейтін, тыныш болатын, яғни өзімнің сабақ беруім ғана іске асып отыратын. Енді керісінше, балаларым бір орнынан екінші орынға алмасып отырып, іс- қимыл мен қозғалыста, бір- бірімен ой бөлісуде, топ ережесіне сай жұмыс қарқынды өтіп жаттыр. Оқушылардың қызығушылықтары, көңіл- күйлері артып, сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа аса бір белсенділікпен араласады. Оқушылар топта жұмыс істеген кезде де, бірден кірісіп кетіп, ат салысты.Маған ұнағаны бірден өз міндеттерін тағайындап алып, сол міндеттерін орындағаны. Сыныпты жұмысқа бағыттай отырып, әр баланың қандай іс- әрекетте отырғанын бірден байқауға болады, олардың жандарына барып көмектесуге де уақытың болады. Бағалау сатысы әр тапсырмалардан кейін оқушылардың өзара бағалауымен жүзеге асып отырды, ал жиынтық бағаны өзім шығардым.

Өзіме түйгенім барлық оқушылардың жұмыспен қамтылуы, соның ішінде үлгерімі төмен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеп, өз деңгейінде білім алуына жақсы ықпалын тигізді.

    Келесі сабақтарма да жаңа әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайтуға, сабағымды бағыт бере отырып, ойлау қабілеттерін, әңгімелесу әдісі арқылы оқу- танымдық қызметін белсендеуге бар күшімді саламын.    

Келесі сабағымды жоспарлағанда оқушыларды ұйымдастыруда, ынталандыруда жұмыс түрлерін өзгертіп, мақсаттарымды жүзеге асырамын.

 

 

 

 

Тегі: Жунусова

Аты: Гүлжан

Әкесінің аты: Хамитқызы

Білімі: жоғары

Мамандығы: ағылшын тілі мұғалімі

Еңбек өтілі: 16 жыл

Педагогикалық өтілі: 16 жыл

Санаты: I



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь