«Біз және біздің сынып»
Сабақтың мақсаты:
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу: басымызды иіп жақсы, мейірімді сөз айту.
Ереже:
II.Бой сергіту «Сезімді тап» ойыны
Балалар, адамның бойында қандай сезімдер болады?
Қуаныш, қорқыныш, үрей, ашу –ызы және т.б.
Енді осы сезімдерді дене қимылы, дауыс ырғағымен, ыммен көрсетуге болады. Конверттің ішінде сезім түрлері жазылған кеспелер бар. Қазір кезекпен сезім жазылған кеспені оқып отырған оқушыларға көрсетесіздер.
Сезім түрлері: нәзіктік, қызығушылық, рақаттану, ашу, наразы, қорқыныш, қуаныш, қайғы, үмітін үзу, таңдану.
Ойынды қорытындылау. Балаларды мадақтау.
III.Негізгі бөлім. Мектеп баспалдақтары.
Оқушылар ойын тыңдау.
Қазір біз сіздермен әліппе ойынын ойнаймыз. Екі топтың оқушыларына әріпті әліпби кеспелері таратылады. Ойыншылар шеңбер құрып, үстелдің айналасына тұрады. Ойыншылар әріпті кеспелердің соңынан басына қарай жинау керек, ең жоғарыда, «Я» әрпі, ең соңында «А» әрпі тұруы керек. Жүргізушінің белгісі бойынша басталуы керек. Уақыты 3 минут. Бірінші жинағандар және қатесі жоқтары жеңімпаз топ болып саналады.
2,3,4 сыныптарда көп нәрсені үйрендіңдер, өтілген пәндерден терең білім алдыңдар, пәндерге деген қызығушылықтарын артты. Қазір сендермен бастауыш сыныпта өтілген пәндерге деген қызығушылықтарыңды байқап көрейік. Ол үшін сендер «Сен қай пәндерді ұнатасың?» атты плакатпен жұмыс жасаймыз. Сендер ойласып, әр пәнге деген қызығушылықтарыңызды «ұнайды», «ұнамайды» деген сөзбен жазасыңдар.
Пәндер |
Менің ойым/ Ұнайды, Ұнамайды/ |
Ана тілі Еңбекке баулу Қазақ тілі Дене шынықтыру Математика Бейнелеу Орыс тілі Музыка Дүниетану Өзін –өзі тану |
|
Қортынды сөз: Яғни балалар, бастауыш сыныптан сендер көп нәрсені үйрендіңдер, бойларында көп әсерлі сөздер қалды, сендердің іргелерің, негіздерің қаланды.
IV.Келесі баспалдағымыз 5 сынып
5 сыныпқа көшу бұл да мектеп өмірінің жаңа бастамасы.
Сұрақ: 5 сыныпта қандай өзгерістер болады?
5 –ші сыныпта сен өзіңді қалай сезінетің боласың?
Мұғалімдер қандай болса деп ойлайсың?
Оқушылар ойын тыңдау.
Жақсы, балалар енді біздің 5-ші сыныбымыз да 1 –ші сыныпқа ұқсас әліппеден басталса деп ойлаймын, бірақ 5 –ші сыныптағы әліппеміз өзгешелеу болады.
«Біз және біздің сыныбымыз» |
Мына плакаттағы жазуды көріп отырсыңдар, осы жазудың шетіне 5 –ші сынып әліппесін құрсақ деген ойдамын. Құрамыз ба?
Әр оқушыға қима қағаз таратылады. Яғни бұл қағаз біздің 5- ші сыныпқа көшу танымбелгілері болып саналады. Танымбелгілеріне әр оқушы есімдерін, есіміне байланыстыжақсы қасиеттерін жазып плакатқа жапсырады.
Оқушылар жапсырып болған соң шеңбер құрып, қол ұстасып, бір қадам алға басып, «БІЗ БӘРІМІЗ БІРГЕМІЗ» деген ұранмен 5-ші сыныпқа қадам басады.
Балалар сендер сабақ беретін ұстаздарыңды білесіңдер , сол ұстаздардың бойынан қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?
Тапсырма:
1.Бастауыш сыныптағы ұстаздарыңның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Екі топқа қасиеттер жазылған парақтар таратылады, топ бірігіп қасиеттерді өздерінің түсініктері бойынша орналастырады.
Әділдік
Ақылдылық
Білімділік
Ұстамдылық
Байқампаздық
Мейірімділік
Сабырлылық
Сенімділік
Кешірімділік
Белсенділік
Кең пейілділік
VI.Сауалнамамен жұмыс
Оқушылардың 5-ші сыныпқа көшу барысындағы көзқарасын байқау.
VII.Қорытынды:
Бүгінгі сабақ сендерге қандай әсер қалдырады?
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау