Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Қазақ тілі-Мәңгілік ел тілі

Қазақ тілі  - Мәңгілік ел тілі.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Мемлекеттік тіл – ұлттар тұтастығының тұғыры»,- деп  ынтымағы жарасып отырған Тәуелсіз Қазақстан елінің ең басты құндылығы ана тілі екендігін  аса бір мақтаныш сезіммен, шын жүрекпен  айтқанын сезбеу мүмкін емес. Тіл – түрі басқа болса да, жүрегі бір халықтың  ой- өрісін, сана- сезімін  бір арнаға тоғыстыратын ерекше қасиетті қарым –қатынас құралы. Сондықтан қай халық, қай ұлт өкілі болмасын туып- өскен жерінің, халқының тілін меңгеріп, сол халықтың ұлттық болмысын да ішкі жан дүниесімен сезініп, сол халықпен біте қайнасып  сабақтаса өмір кешетіндігін тарих жолы көрсетіп келеді. Бүгінгі менің  елімнің халқы, еш алаңсыз  өсіп келе жатқан өрімдей бүлдіршіндері мен  жастары  Тәуелсіз Қазақстанның  ширек ғасырлық өмір жолынан да  қазақ халқының тілінің  өшпейтінін, әрі оның Мәңгілік ел тілі болатындығын түсінеді. Қазақ елінің  тілге деген құрметін  арттыра түсу мақсатында Кішкенекөл қазақ мектеп – гимназиясында «Қазақ тілі – Мәңгілік ел» тілі атты аудандық семинар өтті. Семинарға қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімдері мен 8,9 – сынып оқушылары шақырылды. Семинарға қатысушы мұғалімдер «Жайна, менің Қазақстаным!» тақырыбында 1- сынып мұғалімі Кадирова Шолпан Мұхтарқызы мен  4- сынып  мұғалімі Муханова Бақытжан Теміржанқызының «Мәтін түрлері» тақырыбындағы гимназиялық сағаттар сабақтарына қатысып, өз ризашылықтарын білдірді. Ауыл мұғалімдері ашық сабақтарға қатысқан уақытта, семинарға келген оқушылар тәлімгер Аубакирова А.Ж-мен топтық тренингке қатысып, бір-бірімен танысты.                                                                       

    Ауыл мектептерінен келген оқушылармен «Болашақ» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойында оқушылар  топтар арасында және жекелей сынға түсіп, өз білімдерін, алғырлықтарын көрсете білді. Қатысушы мұғалімдерге де оқушыларға тосынан сұрақтар қою мүмкіндігі берілді. Бұл сәт оқушылардың  білімге  деген қызығушылығын еселей түспесе, кемітпеді.  «Болашақ» ойынынан кейін оқушылармен денешынықтыру мұғалімі Нұғманов Абзал Естайұлы  ұлттық асық ойынын өткізді. Ал мұғалім – қонақтар  мектептің сертификатталған мұғалімдерінен (Жұмажанова З.А., Алимова Қ.С., Аргимбаева А.А) құралған топтың ұйымдастыруымен «Шеберлік сынып» сағатын өткізді. Бұдан әрі  информатика пәні мұғалімі Валиева Зульфия Рафгатовна  қонақтарға «Мектеп өмірінен» деген шағын слайд көрсетті. Семинардың соңында марапаттауға жиналған қонақтар, мұғалімдер « Тіл – асыл қазынам» атты (тіл мамандары: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері – Мұхамеджанова Б.С., Темербаева А. Қ., Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері – Жұмабаева А. Ғ., Мамырханова А. В. және ағылшын тілі пәні  мұғалімі – Мустафина Г. С. жетекшілігімен дайындалған)  шағын көріністерді тамашалады.

                                                                             Кішнекекөл қазақ мектеп – гимназиясының

                                                        тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі З.А. Жұмажанова

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь