Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Құттықтаймыз!

2016 жылдың 15 сәуiр күнi сағат 15.00-де аудандық Мәдениет үйiнде Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған және замануиындырылған тағамдарының, «Нео-фольклор» киiмдер дизайнерлерiнiң республикалық конкурсының аудандық кезеңi өттi. Конкурс «Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне әйелдердiң қатысуы үшiн өткiзiлiп отыр. Конкурстың мақсаты — қазақ ұлттық асханасының көпғасырлық дәстүрлерiнiң сақталуы мен насихаттауы, ұмыт қалған ұлттық тағамдарының қайта жандандыру, қазақтың ұлттық киiмдерiне құрмет көрсету және оның қазiргi сән үлгiсiне сай сәйкестендiру. Қазақ ұлттық тағамдары бойынша Кiшкенекөл №1 орта мектебiнiң өкiлдерi Әбiкеева Шолпан және Мұхамеджанова Кенжетай, ауылшаруашылық колледжiнiң аспазшысы Құсбекова Роза Садыққызы, Кiшкенекөл мектеп гимназияның аспазшысы Әбiкеева Айман Зейнуллақызы, Жамбыл орта мектебiнiң аспазшысы Гүлбақыт Нұржанова қатысты. «Нео-фольклор» конкурсына Ханай Бiләл, Идаят Саулеш, Мәруа Әдiлжанова және Сандуғаш Жапарова сынды тiгiншiлерiмiз бақ сынасты. Конкурс барысында слайд және видео материал түрiнде қатысушылар дайындаған тамақтары мен киiмдерiн ортаға салынды. Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған тағамдары әдiл-қазылар алқасын таң қалдырмай қоймады. Қатысушылардың өнерлерi мен шеберлiктерi көрермендердiң тарапынан да қошеметке бөлендi. Әдiл-қазылардың мүшелерi облыстық мәслихат депутаты Р. Темiрбекова, аудандық мәслихат депутаты К. Егiмбаева, iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Ә. Бектемiров, аға ұрпа өкiлдерi Бралина Жәмила, Нұрсұлу Болатовна және Алтын Жолдасбаева болды. Конкурстың қорытындысы бойынша «Ұмыт қалған тағамдарды жандандырғаны үшiн» номинациясының жеңiмпазы ауылшаруашылық колледжiнен Роза Садыққызы, «Үздiк ұлттық асхана» номинацияның жеңiмпаздары Кiшкенекөл №1 орта мектебiнiң өкiлдерi, «Үздiк заманауиндырылған қазақ ұлттық тағамдары» номинациясының жеңiмпазы Жамбыл орта мектебiнен Гүлбақыт Нұржанова, ал «Нео-фольклор» номинациясының жеңiмпазы Идаят Саулеш атанды. Барлық жеңiмпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ережеге сәйкес аудандық кезеңнiң жеңiмпаздары облыстық қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған және заманауиындырылған тағамдарының, «Нео-фольклор» киiмдер дизайнерлерiнiң конкурсына қатысатын болады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь