Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Алғашқы қоңырау

1 қыркүйек күні безендірілген спортзалда салтанатты жиылыс өткізілді. Салтанатты жиылысқа Уәлиханов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Гүлайым Жолдыбайқызы, зейнеткер ұстаз Старкова Т.Н., ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. .  ҚР Мемлекеттік Туы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен енгізілді. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып бүлдіршіндері  шақырылды. Алғашқы сөз мектеп директоры Амангельдиева С.С беріліп, оқушылар мен ата-аналарды құттықтап,алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге елбасының «Қазақстан –менің Отаным» атты кітабын табыс етті. Келесі құттықтау сөз Гүлайым Жолдыбайқызына беріліп,барша қауымды тәуелсіздігіміздің 25-жылдығымен құттықтап, баяндама оқыды.  «Қазақстан – менің болашағым» атты әдеби-монтаж қойылып, «Қазақстан – елім менің» әні шырқалды.  Келесі сөз 1 сынып бүлдіршіндеріне беріліп, тақпақ, өлеңдерін айтып,би биледі. Құттықтау сөз ата-аналарға берілді.
11 сынып оқушылары 1 сынып бүлдіршіндеріне арнап аманат оқып, сыйлық тапсырды. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Вибе Глеб пен  1  сынып оқушысы Тұрарбай Дианаға берілді. Ду қол шапалақпен 1 сынып бүлдіршіндерін 11сынып түлектері ең алғашқы тәрбие сағатына шығарып салды. 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь